Жаңалықтар

18:33 | 30 қаңтар 2018
Бүгін ҚР Ұлттық құрама командасының спортшысы, ҚР Еңбек сіңірген спортшысы, дзюдодан ҚР Чемпионы, Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері, әлемдік "Grand Slam" және "Grand Prix" турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегері, Әлем кубогының қола жүлдегері Азамат Мұқановтың туған күні! Қазақстан Дзюдо федерациясы Азаматқа елімізде дзюдоның дамуына өлшеусіз үлес қосып, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүргеніне алғыс білдіреді. Азаматқа деніне саулық, отбасына амандық, спорт жолында толағай…
16:59 | 30 қаңтар 2018
Қазақстандық 24 спортшы Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында олимпиада стипендиясына ие болды. Стипендиаттар арасында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының спортшылары Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах бар. Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға қатысу мүмкіндігі жоғары спортшыларды іріктеп, оларға 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап арнайы қаржылай стипендия тағайындады.
11:22 | 26 қаңтар 2018
Дзюдошы Ерлан Серікжанов ересектер арасындағы алғашқы әлемдік жарысында қола медаль алды. Тунисте өткен дзюдодан әлемдік Гран При кезеңінде 66 келі салмақпен сынға түскен ол тұғырға көтерілді. Спортшы Baq.kz тілшісіне сұхбат беріп, жарыстан алған әсерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті. - Ересектер арасында әлемдік деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатыстыңыз. Тунистегі Гран При кезеңі қалай өтті? Дайындығыңыз қалай болды? - Дайындық жақсы болды.…
11:41 | 25 қаңтар 2018
Бүгін ҚР Ұлттық құрамасының спортшысы,ҚР Чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем Чемпионатаның қола жүлдегері, "Құрмет" ордененің иегері, Азия Чемпионы, әлемдік Гран При және "Үлкен дулыға" турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы Галбадрах Отгонцэцэгтің туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы Отгонцэцэгті туған күнімен құттықтап, дзюдо әлемінде еліміздің намысын абыроймен қорғап жүргені үшін алғыс айтады! Отгонцэцэгке қажымас қайрат, сарқылмас ерік-жігер, спорт жолында толағай табыстар тілейміз!
16:22 | 23 қаңтар 2018
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тунисте өткен Гран Приден кейін халықаралық рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық 5 дзюдошы үздік ондыққа енген. Жаңартылған рейтингті назарларыңызға ұсынамыз (ТОП-30): Ерлер: 60 кг Ғұсман Қырғызбаев – 8 (2758) Елдос Сметов - 26 (1116) 66 кг Елдос Жұмақанов - 8 (2632) 73 кг Жансай Смағұлов – 10 (2532) 90 кг Ислам Бозбаев- 10 (2824) -100…

Әлеуметтік желідегі парақшалар