Жаңалықтар

17:48 | 26 сәуір 2023
Бүгін, 26 сәуір күні Кувейтте Азия дзюдо одағының (JUA) ресми конгресі өтті. Конгресске Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Азия дзюдо одағына кіретін федерация басшылары мен өкілдері қатысты. Конгресс барысында JUA атқарушы комитетінің шешімі бойынша Асхат Жіткеев Азия дзюдо одағының рефери директоры болып тағайындалды. Асхат Жіткеев – Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондай-ақ IJF Continental…
10:11 | 18 сәуір 2023
Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командалары Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысады. Әлем біріншілігі 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары әлем чемпионаты алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов спортшылардың әлем чемпионатына қалай іріктелгені туралы айтты. «Әлем чемпионаты – маусымның ең маңызды жарыстарының бірі. Біздің міндетіміз осы…
11:35 | 10 сәуір 2023
Алматыда дзюдодан Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мамандарының қатысуымен құрлықтық және халықаралық дәрежедегі төрешілерге арналған семинар-емтихан өз мәресіне жетті. Нәтижесінде қазақстандық төреші Самат Сапишев IJF International – халықаралық төреші, Асхат Жіткеев пен Николай Иванов IJF Contenintal дәрежесіндегі төреші атағына ие болды. Айта кетерлігі, семинардың алғашқы күндерінде теориялық бөлімді тәмәмдаған төрешілер, жазбаша және ауызша кезеңдерден тұратын емтихан тапсырған болатын. Ал практикалық бөлімін…
19:17 | 09 сәуір 2023
Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі аяқталды. Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрамалары өз жас санаттарында медаль бойынша бірінші орын алды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енген ресми рейтингтік жарысқа 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003-2005 жылдары туған жас татами шеберлері қатысты. «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі біздің жас спортшыларымыз үшін шеберлігін…
16:39 | 03 сәуір 2023
Бүгін, 3 сәуір күні Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Антальяда өткен Grand Slam жарысынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты. Нәтижесінде, аталған турнирде қола жүлде жеңіп алған қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 500 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте 15 саты жоғарылаған. Жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақстандық дзюдошылар ішінде Абиба Абужақынова үздік бестікке енген. Ал ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшаев (73 кг) 15-ші…

Әлеуметтік желідегі парақшалар