Жаңалықтар

13:04 | 17 ақпан 2020
21-23 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» бәсекесі өтеді. Аталған рейтингтік турнирге Қазақстан сапынан 17 дзюдошы қатысады. Ерлер: Дәурен Сүйеукенов (60 кг) Мағжан Шамшадин (60 кг) Ерлан Серікжанов (66 кг) Мадияр Сембаев (73 кг) Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг) Аслан Сағитбек (81 кг) Руслан Мұсаев (81 кг) Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг) Ислам Бозбаев (90 кг) Виктор Демьяненко (-100…
13:54 | 12 ақпан 2020
Халықаралық дзюдо федерациясы Парижде өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты. Аталған жарыста екінші орын алған Жансай Смағұлов 700 ұпай қосып, жеті сатыға жоғарылап, 24-ші орынға жайғасты. Ал қола жүлдегер Елдос Сметов 500 ұпай еншілеп, рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды. Назарларыңызға қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-50): 60 кг Елдос Сметов - 2 орын (5868 ұпай) Ғұсман Қырғызбаев…
16:53 | 10 ақпан 2020
Қостанай облысы - Қазақстан чемпионы Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының аралас командалық жарыстары аяқталды. Барлығы 17 команда қатысқан байрақты бәсеке өте тартысты өтті. Татами иелері Қостанай облысының дзюдошылары қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан чемпионы атанды. Алматы облысы финалда 4:3 есебімен жеңіліп, күмісті қанағат тұтты. Шымкент құрамасын 4:2 есебімен ұтқан БҚО командасы мен жамбылдықтарды 4:1 есебімен жеңген Қызылорда облысы үздік үштікті…
18:07 | 09 ақпан 2020
Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионатының жекелей сайыстары аяқталды. Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан барлығы 695 дзюдошы қатысты. Үш күнге созылған дүбірлі додада 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер өзара бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша 2020 жылы ел халықаралық додадаларда ел намысын қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады. Назарларыңызға Қазақстан Чемпионатының нәтижесін ұсынамыз: Қыздар: 40 кг…
00:13 | 09 ақпан 2020
Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов "Grand Slam" жарысының финалында жапониялық Соиши Хашимотоға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен ол Қазақстан қоржынына екінші медальді салды. Жансай Смағұлов жарыс барысында финалға дейін 6 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен болатын. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Виктор Стерпуді (Молдова), Ахн Жонсунгты (Оңтүстік Корея), Артур Маргелидонды (Канада), Алеко Мамиашвилиді (Грузия) және…

Әлеуметтік желідегі парақшалар