Жаңалықтар
16:53 | 12 желтоқсан 2016
Бұл алдағы олимпиада циклінде жүзеге асырылатын болады. Ережені өзгертудегі басты мақсат — дзюдо шарттарын xалыққа оңай түсіндіру. Халықаралық деңгейдегі тестілеуден өткізу уақыты 2017 жылдың қаңтарынан басталып, тамыз-қыркүйек айларындағы Будапештте өтетін әлем чемпионатынан кейін аяқталмақ.
Жаңа ережелер мынадай болмақ:
— Ерлер мен әйелдер бәсекесіндегі белдесу уақыты — төрт минут;
— Енді дзюдода тек вадзари және иппон болады. Бұрынғыдай юко деген ұпай…
11:40 | 12 желтоқсан 2016
Алматыда Дзюдо академиясында 14-19 желтоқсан күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Дзюдофедерациясының ұйымдастыруыменжаттықтырушыларға арналған халықаралық техникалық курс өтеді.
Қазақстанда мұндай курс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға және коучинг тәжірибесін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар бапкерлер курсы Қазақстанның барлық спорт мектептеріне ұсынылады (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, спорт…
23:47 | 10 желтоқсан 2016
Әскерилер арасында өткен әлем біріншілігінде екі дзюдошымыз қос медалді қоржынға салды. Олар:
Қырғызбаев Ғұсман (60 кг) - Әлем Чемпионы!
Қырғызбаев Ғұмар (66 кг)- Әлем Чемпионатының қола жүлдегері
Чемпионаттың бірінші күнінде 73 келіде татамиге шыққан Мейіржан Қалтаев 5-орынмен, Елдос Жұмаханов пен Ерасыл Сәкенұлы 7-орынмен жарысты аяқтады.
14:23 | 10 желтоқсан 2016
Ақтауда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Маңғыстау облысындағы дзюдо күресінің 35 жылдығына орай дзюдодан облыстық чемпионат өтті. Спорт бәсекесіне 1997-1998 жылы туған 110 ұл мен қыз қатысып, боз кілемде белдесті.
Басты мақсат - дзюдошылардың шеберлігін шыңдау, жастарды ҚР чемпионаттарына іріктеу. Және 2017 жылы аймақ намысын Әлем, Азиячемпионаттарында қорғайтын балуандарды анықтау, облыстың құрама командасын жасақтау. Жалпы биылғы жыл Маңғыстау дзюдо күресінің…
00:22 | 10 желтоқсан 2016
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған дзюдо күресінен жастар арасында (ұл,қыздар) Маңғыстау облысының чемпионаты өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды aktausport.kz спорт порталы.
Чемпионатқа Ақтау, Жаңаөзен қаласымен қоса облыстағы басқа да аудандарынан барлығы 110 дзюдошы қатысты. Бір күнге созылған жарыстың қортындысы бойынша келесі салмақ дәрежелерінде чемпиондар анықталды. 55 келі Нарбаев Бауыржан, 60 келі Мамаев Рамазан, 66 келі Жұбатқан Сұңғат, 73 келі…