Жаңалықтар

17:50 | 22 ақпан 2017
27-30 наурыз аралығында Талдықорған қаласы "Жастар" спорт кешенінде "Наурыз" мерекесіне арналған республикалық ашық турнир өтеді. Аталмыш жарысқа 1997-1999 жылы туылған жасөспірімдер қатысады.
09:45 | 16 ақпан 2017
24-26 ақпан күндері Дюссельдорфта (Германия) дзюдодан әлемдік Гран при турнирі өтеді. Қазақстан Ұлттық құрамасы сапынан бұл турнирге 17 дзюдошы қатысады. Олар: Ұлдар: Елдос Сметов (60 кг) Бауыржан Жауынтаев (60 кг) Азамат Мұқанов (66 кг) Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) Жансай Смағұлов (73 кг) Азиз Қалқаманұлы (81 кг) Қажымұқан Өтеулиев (81 кг) Дәулетхан Жақыпов (90 кг) Айбек Серікбаев (-100 кг) Ержан Шынкеев…
10:10 | 15 ақпан 2017
Бүгін Еуропа ашық кубогының жеңімпазы, Азия Чемпионатының күміс медаль иегері, әлемдік Гран При турнирінің жүлдегері, ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Дидар Хамзаның туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы Дидарды туған күнімен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, спорт жолында толағай табыстар тілейді!
21:49 | 10 ақпан 2017
11 ақпан Франция астанасы Парижде маусымның алғашқы турнирі өтеді. "Grand Slam" турниріне Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады. Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіде Асхат Тельманов алғашқы айналымда словениялық Трбовц Матьяжбен белдессе, Ғұсман Қырғызбаев жарысқа 1/16 финалында қосылады. 66 келіде Мейіржан Қалтаев Шмит Томмен кездессе, Әбілхайыр Мәуленин жеребе бойынша татамиге 1/16 финалда шығады. Елдос Жұмаханов 73 келіде ел намысын қорғайтын болады.
16:10 | 09 ақпан 2017
Биыл Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне 25 жыл толып отыр. Осыған орай, назарларыңызға 25 жыл ішінде қазақстандық дзюдошылар қатысқан Олимпиада мен оның нәтижесін ұсынғанды жөн көрдік. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет 1996 жылы Атланта Олимпиадасына қатысты. 25 жыл ішінде 6 Олимпиадаға 48 дзюдошы қатысып, 3 медаль алды. Өздеріңіз білетіндей, алғашқы медальға Пекин Олимпиадасында ауыр салмақта Асхат Жіткеев күміске қол жеткізген…

Әлеуметтік желідегі парақшалар