Жаңалықтар

19:10 | 12 наурыз 2017
Әзірбайжан астанасы Бакуде "Grand Slam" турнирі өз мәресіне жетті. Аталмыш додаға Қазақстан құрамасынан 14 спортшы қатысып, Ислам Бозбаев (90 кг) алтын медаль еншілесе, қалған төрт дзюдошымыз бесінші орыннан көрінді. Олар: Қырғызбаев Ғұсман (60 кг), Нышанбаева Севара (57 кг), Бектасқызы Зере (70 кг) және Амангельдиева Альбина (78 кг). Үш күнге созылған халықаралық додада Ислам Бозбаев (90 кг) жарыстың соңғы күні ел…
17:09 | 12 наурыз 2017
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан «Үлкен Дулыға» турнирінде 90 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Ислам Бозбаев іріктеу кезеңінен іркілмей, ақтық финалға шықты. Қыздардан 78 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Амангельдиева Альбина жұбаныш белдесуіне шығып, қола үшін күресуге мүмкіндік алды. Ақтық белдесулер Астана уақытымен сағат 19.00-де басталады. Онлайн трансляция ippon.tv порталынан көруге болады.
21:01 | 10 наурыз 2017
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирі басталды. Аталмыш турнирге Қазақстаннан 7 дзюдошы татамиге шығып, іріктеу кезеңінде бесеуі сүрінсе, қалған екеуі жарысты бесінші орынмен аяқтады. Олар - Қырғызбаев Ғұсман (60 кг) мен Нышанбаева Севара (57 кг). Қырғызбаев Ғұсман алғашқы айналымда венгриялық Сзабо Шабуды иппонмен ұтып, екінші схваткасын Әзірбайжан спортшысы Сафаров Орханға қарсы өткізді. Сафаровпен өткен белдесу өте тартысы десе…
17:30 | 10 наурыз 2017
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан «Үлкен дулыға турнирі» басталды. Аталмыш турнирге Қазақстаннан 7 дзюдошы татамиге шығып, іріктеу кезеңінде бесеуі сүрінсе, қалған екеуі медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды. Олар - Қырғызбаев Ғұсман (60 кг) мен Нышанбаева Севара (57 кг). Қырғызбаев Ғұсман алғашқы айналымда венгриялық Сзабо Шабуды иппонмен ұтып, екінші схваткасын Әзірбайжан спортшысы Сафаров Орханға қарсы өткізді. Сафаровпен өткен белдесу өте тартысы…
17:29 | 09 наурыз 2017
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында 9 наурыз күні халықаралық «Grand Slam» турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті. Әлемнің 31 елінен 183 спортшы қатысатын бұл додада Қазақстан ұлттық құрама сапынан 14 дзюдошы ел намысын қорғайды. Жарыстың бірінші күнінде спортшылар бес салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды. Сонымен, 10 наурызда мына салмақ дәрежесіндегі спортшылар бақ сынайды: Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг Ерлер: -…

Әлеуметтік желідегі парақшалар