Бауыржан Жауынтаев – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген алғашқы дзюдошы.

13:00 | 09 тамыз 2013

8 -11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 79 елдің 532 өкілі қатысты.

Қазақстандық кадет, дзюдошы Бауыржан Жауынтаев55 келі салмақ санатында өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алтын алқасын олжалады.Жоғарғы дәрежелі медальды иеленгенБауыржан жасөспірімдер арасынан алғаш шыққанқазақстандық дзюдошы.

Бауыржан Жауынтаев алғашқы жекпе-жегін перулік Патино Виларгаға қарсы өткізіп, жауырынын жерге тигізді. Одан кейінгі тартысын украиндық дзюдошы Каро Марандянмен сарапқа салып, бірінші минутта-ақ қарсыласын жер жастандырды.Осы қарқынынан таймаған жерлесіміз ширекфиналдық шайқасын американдық спортшы Адонис Диаспен өткізіп, жеңіске жетті. Грузия палуаны Эрекле Архозашвилимен жартылай финалдықайқасы Бауыржанды әлемдік жеңіс тұғырына бір саты итермеледі.

Қалған күшін қазақстандық дзюдошы финалдық текетіреске сақтады. Бекер сақтамаған екен. «Алтын» үшін болған жекпе-жегін Бауыржан 2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күмістен алқа тағынған Италия спортшысы Элиос Манзимен өткізді. Төрт минут бойы бір-бірінің сағын сындыра алмаған палуандар төрешілер тарапынан бір-бірден ескерту алды.Golden score қосымша уақытында Манзи шалыс басып, екінші «шидо» алды. Осының арқасында финалдық тартыстың жеңімпазы анықталды. Қазақстандық талант «алтын» олжалады.

Алғашқы күнгі тартысқа тағы да екі салмақ санаты бойынша қатысқан қазақстандық дзюдошылар алғашқы «ондыққа» енді. Олар: Қанат Сейілхан (50 кг дейін) – жетінші орын,ал Адия Сайын (40 кг салмақта) – бесінші орын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар