Ташкенттегі Гран-при: Қоржынға екінші қола түсті
Ташукенттегі Гран-при турнирінде Назгүл Кубашеваның (57 кг) ізін ала Мариан Ордабаева (63 кг) құрама қоржынына екінші қоланы салды. Мариан жартылай финалда американдық Ханна Мартиннен жеңіліп қалып, «автоматты түрде» кіші финалға өтті. Онда қазақстандық дзюдошы өз мүмкіндігін жібермеген жоқ: үнді қызы Гарима Чаудариді жеңді.
Кіріспе кездесулерде Ордабаева өзбек қызы Ровияжон Курбанова мен бразилиялық Марина Сильваны жеңген болатын.
Ал осы салмақта өнер көрсеткен екінші қызымыз Мархабат Қуатбековаға келер болсақ, ол өзбек дзюдошысы Шохиста Шафаровамен болған бірінші кездесуден әрі аса алмады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен Әлем Гран-при турнирінде де (28-29 сентября) Мариан Ордабаева қола жеңіп алған еді.
0 пікірлер