Дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирі мәреге жетті
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирі өтті. Лицензиялық турнирдің екінші күні Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қола жеңіп алды.
Бұл күні жоғары награда жеңіп алғадардың бірі - Максим Раков(суретте – ортада). 100 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен ол ресейлік Станислав Гасиновты, өзбек балуаны Уткур Курбановты және бразилиялық Рафаэль Бузакариниді жеңді.
Ал тағы бір алтынды қанжығалаған Ислам Бозбаев (90 кг дейінгі салмақ санаты) ресейлік Дмитрий Довганды, бразилиялық Эдуардо Сильваны және өзбек балуаны Хуршид Набиевті жеңді, айта кету керек, Набиев жарақатына байланысты финалдық кездесуге шыға алмады. Ал үшінші алтынды Гүлжан Исанова жеңіп алды. +78 кг салмақ санатында өнер көрсеткен Гүлжан ресейлік Ксения Чибисованы және беларусь қызы Марина Слуцкаяны жеңді.
Күміс медаль иеленгендерге келетін болсақ, Ержан Шынкеев(+100 кг салмақ санатында) финалдық кездесуде беларусь балуаны Александр Вахавякке есе жіберіп алса, Альбина Амангельдиева (78 кг дейінгі с.с) шешуші кездесуде ресйлік Анастасия Дмитриевадан жеңіліп қалды.
Ал қоланы қанағат тұтқан біздің Руза Духтурбаева (+78 кг) кіші финалда моңғол қызы Джавзмау Одхууды жеңді.
Жалпыкомандалық қорытынды есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға көтеріліп отыр. Оның қоржынында 5 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль бар.
Ислам Бозбаевтың «алтыны»
Гүлжан Исанова мен Руза Духтурбаеваның «алтындары»
Ержан Шынкеевтің «күмісі»
0 пікірлер