Еуразиялық ойындар: қазақстандық дзюдошылар 17 медаль жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошылар Алматыда өтіп жатқан ІІІ Еуразиялық ойындарда 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есеп бойынша біздің құрама екінші орында тұр.
Атап айтқанда, «алтыннан» алқа таққандардың қатарында кадеттер арасындағы чемпион (2013)Бауыржан Жауынтаев (60 кг)(суретте), әлем чемпионатының қола жүлдегері Дидар Хамза (73 кг дейін) және жас спортшы Адия Саин (40 кг) бар.
Сондай-ақ, Ескендір Юсбеков (55 кг)мен Ақниет Тұрдан (63 кг)да жеңіс тұғырына көтерілді.
«Күміс» қанжығалаған спортшыларға келетін болсақ, олар мыналар:Жанболат Омар (46 кг), Мағжан Шамшадин (50 кг), Бекәділ Шаймерденов (66 кг), Ерасыл Болат (81 кг), Аида Каршаева (44 кг), Альфия Кабдел (48 кг), Иоланта Берлібекова (57 кг) және Назерке Орынтай (78 кг).
Ал Райымбек Ашықбаев (90 кг), Әліби Жұмаділаев (+90 кг), Жанерке Қуанышева (70 кг) және Камила Берликаш (+78 кг) қола медальды қанағат тұтты.
Естеріңізге сала кетейік, ІІІ Еуразиялық спорттық ойындар 15-20 қыркүйек аралығында Алматыда өтуде. Дзюдо, бокс,еркін күрес, грек-рим күресі, шоссе велоспорты, жеңіл атлетика, жүзу, самбо, спорттық гимнастика, таэквондо, ауыр атлетика, көркем гимнастика, қазақша күрес сияқты спорттың 13 түрі бойынша өтіп жатқан бұл жарысқа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің құрамалары: 17-23 жастың аралығындағы 700-дей спортшы қатысуда.
0 пікірлер