Тедди Ринер – Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылар комиссиясының жаңа төрағасы
1 қыркүйекте, Рио-де-Жанейродағы (Бразиия) дзюдодан ересектер арасында аяқталған әлем чемпионатының соңғы күнінде Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылар комиссиясының жаңа төрағасы ресми түрде жария етілді. Жаңа лауызымның иесі француз дзюдошысы Тедди Ринер. Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Ринер 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде татами қожайыны Рафаэль Силваны финалдық тартыста жеңіп, дзюдодан әлем чемпионы атанды. Сонымен, Ринер әлемнің жеті дүркін чемпионы, сондай-ақ 2012 жылғы олимпиаданың «алтынын» иеленген француз дзюдошысы.
Бұған дейін спортшылар комиссиясының мүшелігін Кайла Харрисон (АҚШ), Алина Думитру (Румыния) және Ким Чжэ Бум (Оңтүстік Корея) атқарып келді. Халықаралық дзюдо федерациясының атқарушы комитеті қосымша бес дзюдошыны таңдап алды. Олар: Милош Унгвари (Венгрия), Ришод Собиров (Өзбекстан), Дьедонне Долассем (Камерун), Тьяго Камило (Бразилия) және Энтони Лю (А.Самоа).
Тедди Ринер жаңа құрметті лауазымға шексіз риза екендігін, алдағы уақытта да аянбай тер тегуге және әлемдік деңгейдегі дзюдошылардың лайықты өкілі болуға уәде берді.
0 пікірлер