​Дзюдодан әлем чемпионаты: бесінші күн

12:00 | 31 тамыз 2013

Кеше, 30 тамызда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) дзюдодан әлем чемпионатының бесінші күнгі жарыстары жалғасты.

Қазақстан құрамасының атынан бұл күні үш спортшы өнер көрсетті: 90 кг дейінгі салмақ санатында Ислам Бозбаев өзінің екінші кездесуінде жапон спортшысы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Масаси Нишияманы жеңді, бірақ үшінші кездесуде литвалық Каролис Бауцадан жеңіліп қалды.

Ал спортшы Анар Сейтімова 78 кг дейінгі салмақ санатындағы бірінші кездесуінде-ақ британдық қарсыласы Джемма Гиббонстан жеңіліп қалды. Динара Кударова (70 кг) болса, бірінші кездесуде Джулия Паскальды (Американдық Самоа) жеңгенімен, екінші кездесуде татами иесі – Мария Портеллаға есе жіберіп алды.

Бүгін, 31 тамызда 78+, 100, 100+ салмақ санаттарындағы кездесулер өтеді. Біздің құраманың атынан татамиге мына спортшылар шығады:

Гүлжан Исанова (78+ кг)

Максим Раков (100 кг)

Ержан Шынкеев (100+ кг)

Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттың барысын онлайн-режимде ippon.org сайтынан тамашалай аласыздар, Астана уақыты бойынша сағат: 19.00.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар