Дзюдо: әлем чемпионатының үшінші күні
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында кеше, 28 тамызда Қазақстанның атынан бір ғана өкіл өнер көрсетті, ол - 73 кг дейінгі салмақ санатындағы Дастан Ықыбаев. Мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті сезінген біздің спортшы жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің сенімдерін ақтауға бар күш-жігерін салды.
Бірінші айналымда Қытай, одан кейін Изариль спортшысын жеңген Дастан, грузин спортшысы Таталашвилимен болған кездесуде де жеңіске деген барлық еркін көрсете білді. Нәтижесінде, ол грузин қарсыласын ойсырата жеңді.
Жартылай финалға шығу жолындағы жекпе-жекте француз Уго Леграндпен кездесті. Бұл кездесуде француз спортшысы жеңіске жеткенімен, Дастан өзінің осал қарсылас емес екенін көрсете алды.
Денсаулық жағдайына байланысты жапон дзюдошысы Рики Накая кездесуге шыға алмады, сөйтіп Дастап үшінші орынға таласуға автоматты түрде мүмкіндік алды. Бірақ ол Дирк Ван Тичелмен (Бельгия) болған бұл кездесуде жеңіске жете алмады, сөйтіп Дастан өз салмақ санатында рейтингтің бесінші орнына тұрақтады.
Жарыстың үш күшінде қазақстандық дзюдошылардың әлемдік үздік сегіздігінің қатарына кіре алғанын айта кету керек, бұл өте жоғары көрсеткіш. Естеріңізге сала кетейік, жарыстың бұған дейінгі күндерінде Елдос Сметов пен Асхат Тельманов (26 тамыз) өз салмақ санаттарында рейтингте жетінші орынға табан тіреген болатын. Ал Азамат Мұқанов кеше біріншіліктің күміс медалін жеңіп алды.
Бүгін татамиге 81 кг дейінгі салмақ санатында Дәулетхан Жақыпов шығады, ол исландиялық Свейнбьёрн Иурамен кездеседі.
Жарысты ippon.org сайтында онлайн режимде Астана уақыты бойынша сағат 19.00 тамашалай аласыздар.
0 пікірлер