Алтын және үш қола

23:58 | 19 сәуір 2014

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропаның ашық кубогінде қазақстандық дзюдошылар жүлдеге қол жеткізді (19-20 сәуір, Санкт-Петербург).

Жақсыбек Жеңісбек (55 келі) бірінші жарыс күнінде жеңімпаз атанды. Ол татами иесі Магомед Соломгериевтен финалда басым түсті. Ал ресейлік спортшы жартылай финалда Асылжан Сейдуәліні жеңген еді. Асылжан өз кезегінде қола жүлде иеленді. Сондай-ақ, кіші финалда отандасы Нұрдәулет Оразды ұтқан Мейірлан Баймағанбетов (60 келі) пен Ерасыл Сәкенұлының (66 келі) еншісінде де қола жүлде бар.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар