​Данир Шамшаев Ташкенттегі Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды

19:18 | 04 наурыз 2023

Ташкентте дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев финалға шығып, 2-орынға ие болды. Ол ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен кездесті.

Отандасымыз жартылай финалда Швейцария спортшысы Нилл Штампты уақытынан бұрын иппонмен жеңді. Ширек финалда Умарт Демирелден (Түркия) басым түссе, іріктеу кезеңдерінде Аксус Бенжжамин (Франция) мен Шыңғысхан Сағыналиевті (Қырғызстан) уақытынан бұрын иппон ұпайымен ұтқан болатын.
Айта кетерлігі, кеше, Grand Slam жарысының бірінші күнінде қазақстандық Нұрқанат Серікбаев (60 кг) Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлдені салған еді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар