Сіз үшін "Жеке жаттықтырушы" қызмет етеді
Құрметті оқырмандар!
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ресми сайтының интерактивтілігі бұрынғыдан да арта түскенін қуана хабарлаймыз. Физикалық форманы жақсы қалыптастыру төңірегіндегі ақпараттарды қамтитын функционалдық контенттер жиынтығы - «Жеке жаттықтырушы» қосымшасын ұсынады.
Сізге салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, фитнес, тамақ қоспалары туралы жаңартылып тұратын қызықты топтамалар; Қазақстан қалаларындағы жаттығу залдары туралы маңызды анықтағыш; бұлшықеттің түрлі топтарына бағытталған тиімді жаттығу бағдарламалары туралы бөлімдер ұсынылады. «Жеке жаттықтырушыға» қосымша ретінде басқа қолданушылармен пікір алмастырып, кеңес алуға көмектесетін әлеуметтік желі элементтері қызмет көрсетеді.
«Жеке бапкердің» көмегімен Сіз:
·тұлғаның жынысына қарай берілген тапсырмаға байланысты жаттығу бағдарламаларының жеке ұсынымдарын ала аласыздар;
·түрлі бағыттағы ұсынылған жаттығу бағдарламаларының тізімін таңдауға (бұлшықетті өсіруге, артық салмақтан құтылуға және т.б.);
·таңдап алынған бағдарламаның деңгейін қадағалап, салмақ тастау және теріасты майларының төмендету үдерісін үнемі бақылауда ұстау;
·басқа да қолданушылардың ұсыныстары мен жаттығу бағдарламаларының рейтингін қарастыру, сондай-ақ жаттығулардың тізімін қоса есептегенде олардың қалай жасалуы және неше рет қайталануы керектігі туралы толық сипаттама беріледі;
·Қазақстан бойынша жұмыс істейтін жаттығу залдары туралы соңғы ақпараттардан хабардар болуға, сондай-ақ, маңызды 5 параметр бойынша басқа қолданушылардың ұсыныстары мен рейтингтерін білуге мүмкіндік бар, олар: бағасы, жаттығуға арналған құрал-жабдықтар, еркін салмаққа бейімделу, маманның біліктілігі, орналасқан жері.
·денсаулық, дұрыс тамақтану және фитнес тақырыптарына арналған мақалалар, сондай-ақ басқа да қолданушылардың осы мақала жөніндегі ой-пікірлері мен мақаланың рейтингімен таныса аласыздар;
·жаттығу залдары мен жаттығу бағдарламалары, ұнаған мақала туралы пікіріңіз болса осы әлеуметтік желі арқылы бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Жеке жаттықтырушымен» Сіз үнемі өз бабыңызда боласыз!
0 пікірлер