Конфедерация: бізге 1 жыл!

11:25 | 20 қараша 2013

Бүгін, 20 қарашада спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ұжымы бір жылдық мерейтойларын атап өтуде.

Елiмiздiң бокс федерациясының тiзгiнін ұстайтын Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бес спорт түрi федерацияларын бiр конфедерацияға бiрiктiру турасындағы ұсынысы жүзеге асты. Осыдан бір жыл бұрын Астанада спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері ұйымы ресми түрде қызметін бастаған болатын. Мерейтой иесі бокс, күрес, ауыр атлетика, дзюдо және таеквондо спорт түрлерін қол астына алған. Аз уақыт ішінде Конфедерация аяғынан тік тұрып, отандық және әлемдік қауымдастыққа адал ниеттерінің бар екеніндігін дәлелдеді. Оңайға соқпаған 12 ай ішінде конфедерация «Біз өз-өзімізді дәріптеумен айналыспаймыз, біз тек Конфедерацияның қызық та, еселі еңбектері төңірегінде жұмыс жасаймыз» деген ұранды ұстанып келеді. Шын мәнісінде еңбектері нәтижесін берді. Әрбір жеңісті саусақпен санап отырудың қажеті де шамалы. Назарлаңызға осы ұйымның бар мүмкіндігі мен ықпалын сезінген тұлғалар жөнінде тізбектеуді жөн көрдік. Сөз кезегі «спортшыларымызда»:

«Бір жыл бұрын біз Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының қызметін қолға алдық. Енді қазақ елі үшін спортта жан-жақты дамудың таптырмас мүмкіндігі пайда болған сияқты»

Асхат Жіткеев, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері (2008),

ҚР Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры

«Біздің федерация спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының құрамына енгелі көптеген өзгерістерге ұшырады. Ұйым тарапынан бізге барлық мүмкіндік жасалған. Біріншіден, бұрын-соңды біздің барлық оқу-жаттығу жиындарымыз төленбей келген. Екіншіден, бұдан былай спортшылар айлық жалақыға қол жеткізіп отыр. Үшіншіден, Конфедерация біздің көңіліміз қалаған жаттығу залдарында дайындалуымызға мүмкіндік жасады. Ағымдағы жылы қаржылық дағдарысты басымыздан өткермейтіндігімізге сенімдімін. Барлығы да керемет!»

Бауыржан Аманқұлов, таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері

«Алаңсыз дайындалуымызға мемлекет тарапынан көптеген жағдайлар жасалып отыр. Спорттық жекпе – жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, ауыр атлетика федерациясы, «Самұрық Қазына» ААҚ мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниялары біздің ауыр атлеттерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді».

Зульфия Чиншанло, Олимпиада чемпионы (2012)

«Конфедерацияның демеуімен менің шет елде білім алуыма жағдай жасалынды. Халықаралық «Болашақ» шәкіртақысының арқасында мен лондондық Брюнель университетінде білім алудамын. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, мен бақыттымын. Ағылшын тілінде сөйлеп, спорттық менеджмент саласында білімімді шыңдай түскім келген еді.

Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы (2012), ҚР Бокс федерациясының спорттық директоры

«Бүгін қазақстандық дзюдо үшін нағыз мереке. Біріншіден, Әлемдік Гран-При басталды. Айтулы күндер қыркүйектен бастап бірқатар дәрежелі додалардың Қазақстанда өтетіндігімен ерекшеленеді (2016 жылды қосқанда). Енді әрі қарай көз жүгіртсек. Бірнеше сағат бұрын біз көпшіліктің көзінше, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Смағұлұлы Есімовтің қатысуымен алдымыздағы жылы есігін айқара ашатын дзюдо Академиясы құрылысы турасында жоспар құрдық. Көп жылдар бойы өз үйімізде заманауи талапқа сай келетін Академияның болғанын армандап келдік, тіпті халықаралық дәрежеге ие болса деген ниет те жоқ емес. Міне, бірнеше минут бұрын Визер мырзамен 2015 жылғы дзюдодан әлем біріншілігін Астана өткізу туралы келісім-шартқа қол қоймақпыз. Ия, бір күнде мұншалықты оқиғалардың болуы ақылға қонбауы мүмкін, бірақ мұның барлығы отандық дзюдоны адам сенгісіз шыңға жетелеу мақсатында жасалып отырған дүние. Өз тарапымнан барлық федерацияларға, әсіресе біздің жоспарларымыздың жүзеге асуына ықпал етіп отырған Конфедерацияға айтар алғысым шексіз»

Кеңес Рақышев, ҚР Дзюдо федерациясының президенті (2013 жылдың 28 қыркүйегінен бастап)

«Венгерлік мундиаль қандай проблемалардың бетін ашып берді? Негізі, жеткілікті мөлшерде. Қазіргі таңда, мысалға айтар болсақ, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы біздің базалық проблемамызды шешу үстінде. Осы үшін де Конфедерация басшылығына - Тимур Құлыбаев мырзаға, бас директор Сәкен Мұсайбековке, сондай-ақ грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының директоры Серік Сұлтанғалилерге ерекше алғысымды білдіргім келеді»

Таңат Сағындыков, Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы

«Таеквондо федерациясы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының құрамына енгелі біздің жанұямызда үлкен өзгерістер орын алды. Біздің ұлттық құраманың шет елдерде оқу-жаттығу жиындарын өткізулеріне мүмкіндік туды, медициналық жарақтандыру мәселесі жақсарды. Қазіргі таңда еліміздің басты командасының өз психологы мен заңгері бар. Болашақта жан-жақты даму үшін барлық жағдайлар жасалынып отыр. Конфедерация мен мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп отыр. Бұл біздің халықаралық аренада сәтті өнер көрсетуіміздің кепілі»

Шамсат Исабеков, ҚР Таеквондо (WTF) федерациясының құрметті президенті

Осындай жылы сөздерден кейін бойға қанат бітіп, жігерлене түседі екенсің. Туған күн қарсаңындағы баға жетпес сыйлық деп осы сөздерді айтсақ артық айтқандық емес. «Барлығы да бекер емес екен» …

Ағымдағы секілді алдағы жылы да Конфедерация үшін қарқынды болмақ. Біріншіден, Ақбұлақта (Алматы облысы) халықаралық дәрежедегі спорттық базаның құрылысы басталады. Онда таеквондошылар, дзюдошылар, ауыр атлеттер мен балуандар оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Екіншіден, қыркүйек айында Астанада ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Үшіншіден, біздің балалардың қатысуымен күнтізбелік жоспарға сәйкес жоғары дәрежелі додалар күтіп тұр. Алға - Қазақстан!

Отандық спортшыларға қолдау көрсететін жанкүйерлер мен біздің ресми сайт оқырмандарының баға жетпес тілектері мен құттықтаулары үшін ерекше алғыс айтамыз. Ағымдағы жылы бокстан әлем біріншілігінде топ жарған былғары қолғап шеберлерімізді жеңісті жолдарымен құттықтаймыз. Бізді қолдап, демеп отырған бас демеушілеріміз - «Самұрық Қазына» ААҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Хуавей-Алматы» ЖШС ұжымына көп-көп РАХМЕТ!

Конфедерация

Конфедерация тарихы

Мақсаттары мен бағыт-бағдары

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар