Сергей Раков: «Мұқановтың жеңілісі ме? Таңданатын дәнеңе жоқ»
«TAKAstanaClub» - Дзюдодан Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген бірінші клубтық халықаралық турнирінің жеңімпаздары. Астаналық команданың бас бапкері Сергей Раков форумның қорытындысы, Азамат Мұқановтың шаршағандығы, шәкірттерінің психологиялық қысымға ұшырауы және басқа да мәселелер төңірегінде әңгіме қозғаған еді …
Украиндық «City Commerce Bank Team» клубымен болған финалдық белдесу. Арасында мүлт кеткен жерлеріміз болды, осылайша таблодағы есеп - 4:3 көрсетті. Реферилер шешуші белдесуде жеңісті Шынкеевтің тақымына басты, бұл туралы былай дер едім: мен төрешілердің пікіріне түсініктеме бергенді аса ұната бермеймін, егер шын мәнісінде дзюдоның ережесіне тереңірек үңілер болсақ, онда Ержанның қарсыласы (Станислав Бондаренко –Авт. түсінд) ережеге сәйкес келмейтін кемшіліктерге жол берді.
Жалпы команданың өнері туралы. Турнирдегі біздің «TAK Astana Club» клубының дебюті Қазақстан топырағының дебюті саналады. Клубтық, халықаралық. Ә дегеннен жеңіске қол жеткіздік. Бұл шын мәнісінде керемет емес пе?! Турнир ойдағыдай өтті. Ымырасыздық жағдайлар көптеп орын алды.
Азамат Мұқановтың жеңілісі туралы. Бұл мен үшін таң қалатын жағдай емес. Өткен жыл Азамат үшін ауыр әрі маңызды жыл болды. Ол әбден қалжырады, бабын да жоғалтты. Әрине, Азаматтың әлі де жарқын өнеріне куә болатындымызға сенімдімін. Жаңа жаттығулар маусымы басталғанда, оған демалу қажет болады. Екінші жағынан, бүгін оның финалдық белдесуде Георгий Зантараядан (әлем, 2009 және Еуропа чемпионы, 2011) басым түсуіне мүмкіндігі болды. Функционалды дайындығы жетіңкіремеді. Рухани әл-дәрмені мен техникасы көзге оттай басылып тұрды. Әлемдік біріншіліктен кейін боз кілемге шығу қиынның қиыны, себебі үйдегі айқаста жанкүйерлер тек қана жеңіс күтетіні айтпаса да белгілі. Жігіттер аса зор психологиялық қысымның құрбанына айналды. Қарсыластар Астанаға ақша табу мақсатында келіп жатыр, ал біз тек қара басымыздың қамын ғана емес, қазақ елінің намысын қорғай білуіміз қажет. Бұл да маңызды рөл атқарады. Алайда көпшілігі бізді дұрыс түсіне бермейді. Не үшін көптеген жігіттер толықтай ашыла алмады? Себебі олар бойындағы қобалжуларға қарсы тұра алмады. Максим Раков та осы себептен белдесулердің бірінде (Евгений Бородавко,«Riga Dome» - Авт. түсінд) жеңіліс тапты. Трибунадағылар әлем чемпионынан не күтуші еді? Бір ғана нәрсені екені анық.
«TAK Astana Club» легионерлері туралы. Бүгін бізге өзбекстандық дзюдошылар - Яхья Имамов, Эркин Дониеров, сондай-ақ Юрий Краковецкийлердің (Қырғызстан) көмегі тиді.
Ислам Бозьаевтың оққа ұшуы туралы. Қандай тапаншадан оққа ұшқанынан хабарсызбын. Біз жиында болдық. Бар болғаны сол.
«TAK Astana Club» клубы - Қазақстан (бапкер – Сергей Раков)
Елдос Сметов, 60 кг c/д дейін
Асхат Тельманов, 60 кгc/д дейін
Сергей Лим, 66 кгc/д дейін
Азамат Мұқанов, 66 кгc/д дейін
Дастан Ықыбаев, 73 кгc/д дейін
Ертуған Төренов, 73 кгc/д дейін
Дәулетхан Жақыпов, 81 кг c/д дейін
Яхья Имамов, 81 кгc/д дейін (Өзбекстан)
Эркин Дониеров, 90 кгc/д дейін (Өзбекстан)
Максим Раков, 100 кгc/д дейін
Ержан Шынкеев, 100 кгc/д жоғары
Юрий Краковецкий, 100 кгc/д жоғары (Қырғызстан)
Итогитурнира
1. TAK Astana Club - $ 50.000
2. «City Commerce Bank Team» (Украина) - $ 30.000
3. «Самбо-70 Москва» (Россия) - $ 20.000
4. Клуб Центра Олимпийской подготовки г. Челябинск (Россия)
5-6. «Riga Dome» (Латвия), «Ippon» (Кыргызстан).
Клубный турнир по дзюдо: составы команд
Первая победа «TAK Astana Club»
Поражение Ракова не стало роковым
Тимур Байкетаев (фото - Фархад Мынбаев)
0 пікірлер