Бауыржан Жауынтаев – дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы қазақстандық жеңімпаз.
55 келі салмақта өнер көрсеткендзюдошы Бауыржан Жауынтаев кадеттер арасында өткен әлем чемпионатында «алтыннан» алқа тағынды. Бауыржан әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген тұңғыш қазақстандық дзюдошы. Перулік қарсыласы Патино Вилаграны атып ұрған жерлесіміз, екінші кездесуін украиндық балуан Каро Марандянға қарсы өткізіп, алғашқы минутта – ақ жауырынын жерге тигізді. Иппон әдісімен Жауынтаев жартылай финалда американдық Адонис Диасты, одан кейінгі жартылай финалдық жекпе – жекте грузин балуаны Эрекле Архозашвилиден басым түсті.
Бауыржан үшін финалдық текетірес қиынға соқты. 2011 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері итальяндық Элиос Манзимен болған тартысқа берілген төрт минутта екі қарсылас бір-бірінен кем түспей, ақыры екі жақ та бір – бірден ескерту алып, жекпе- жекті «GOLDEN SKORE» қосымша уақытта жалғастырды. Екінші «шидоны» 44-ші секундта иеленген итальяндық балуан қазақстандық дзюдошыға есе жіберіп алды.
Әлем чемпионатының бірінші күнгі нәтижесі бойынша қазақстандық балуандар ерекшелене білді. 50 келі салмақта өнер көрсеткен Қанат Сейілхан жетінші орыннан көрінсе, 40 келіде белдескен Адия Сайын бесінші орынды қанағат тұтты.
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 8 – 11 тамыз аралығында АҚШ-тың Майами штатындажалауын көтерді. Байрақты бәсекеге 79 елден 532 спортшы қатысуда. Бүгін, 9 тамызда 48 және 52 келі салмақтағы қыздарымыз бен 60 және 66 келі салмақ санатындағы бозбалалар бақтарын сынайды.
0 пікірлер