Жаңалықтар
19:18 | 19 қараша 2013
Бүгін Өскеменде дзюдодан Қазақстан біріншілігі аяқталды. Сіздерді еліміздің жаңа чемпиондарымен таныстырамыз.
Ерлер:
60 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Ғабит Есімбетов (ОҚО)
66 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Жансай Смағұлов (Қарағанды обл)
73 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Дастан Ықыбаев (ШҚО)
81 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Әзиз Қалқаманұлы (Жамбыл обл)
90 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Тимур Болат (Астана)
100…
19:15 | 19 қараша 2013
Шығыс жерінде дзюдодан өткен ішкі біріншіліктің нүктесі қойылды (15-19 қараша). Байрақты бәсекенің соңғы күні Қазақстан кубогының бәйгесі сарапқа салынып, командалық жарыстар ойнатылды. Қалалық жекпе-жек сарайының жеңіс тұғырына ерлер арасында (-66 кг, - 73 кг, - 81 кг, - 90 кг, +90 кг) Шығыс Қазақстан облысының балуандары көтерілсе, ал әйелдер арасында (-52 кг, - 57 кг, - 63 кг, - 70…
21:08 | 18 қараша 2013
Өскемендік шаршы алаң еліміздің әр аймағынан келген ерлер мен әйелдер арасындағы балуандардың басын қосты. Дзюдодан жалауын желбіреткен ел біріншілігінің үшінші күнгі белдесуі 48 келі (әйелдер) мен 60 келідегі (ерлер) балуандардың үздіктерін анықтаған болатын. Нәтижесінде, финалдық жекпе-жекте ұлттық құраманың лидері Александра Подрядованың (ОҚО) (суретте – сол жақта) жауырынын жерге тигізген Айгүл Байқұлова (Ақтөбе облысы) нәзік жандылар арасында жеңіс тұғырының жоғарғы сатысына…
10:09 | 18 қараша 2013
Өскеменде дзюдодан ел біріншілігінің алғашқы екі күні аяқталып, 12 жаңа чемпионның есімі белгілі болды.
Ерлер арасындағы аса ауыр салмақта Ержан Шынкеевтің (Қарағанды облысы) шоқтығы бәрінен биік болды. Ол өзінің қарымды қарсыластарының бірі, Қызылорда облысының намысын қорғайтын Руслан Әбдіразақовты финалда таза жеңді. Бұл салмақта үшінші орынды Сәулет Әбдісалықов (ОҚО) пен Дәурен Нұралиновтер (ШҚО) иеленді.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Максим Раковқа…
22:16 | 17 қараша 2013
Дзюдодан балуандардың ат басын өскемендік татамиге бұрған Қазақстан чемпионатының екінші күнгі тартысы (Өскемен, 15-19 қараша) жанкүйерлер қауымына күтпеген «тосын сый» жасады. 73 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында үздік танылған ШҚО өкілі Дастан Ықыбаев (суретте) алғашқыда Сергей Лимнің финалға өтуіне кедергі болды (10:0, артынша қола үшін болған кіші финалда Ертуған Төреновтен 0:5 есебімен жеңілген). Ал одан кейінгі ақтық сайыста қазақстандық құраманың…