Жаңалықтар
16:01 | 22 қараша 2013
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігін Тастанбек Есентаев тізгіндеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.
Бүгін, 22 қарашада, ҚР Премьер министрі Серік Ахметов жаңа басшыны ведомство қызметкерлеріне таныстырды. Министрлер кабинетінің басшысы бұрынғы төраға Ерлан Қожағапановқа (суретте) қазақстандық спортты дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін алғысын білдірді, ал Есентаев өз кезегінде отандық спортты дамытып, осы бағытта қарқынды жұмыс жасайтындығына сендірді.
Тастанбек Құтжанұлы…
13:31 | 22 қараша 2013
Қазақстан дзюдо федерациясы Ақтөбе облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының төрағасы Асылбек Алдыбайұлы Құлмағамбетовке анасы Салжан Ысмайылқызы Құлмағамбетованың мезгілсіз қазасына орай, қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Салжан Ысмайылқызы 10 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ардақты ана еді. 78 жасқа қараған шағында бақилық болды. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
09:23 | 21 қараша 2013
Маңғыстауда дзюдодан облыстық жарыс ұйымдастырылды.
2001-2003 ж.т. бозбалалар мен қыздар арасындағы турнирге өз санаттары бойынша әр аймақтан 178 жас спортшы қатысты.
Турнирдің жеңімпаздары (бозбалалар):
25 кг - К.Көмеков (Шетпе ауылы)
28 кг - Н. Манарбекұлы (Шетпе ауылы)
32 кг - Р. Салық (Ақтау қаласы)
35 кг - Б. Салават (Ақтау қаласы)
38 кг - А. Ақиқат (Шетпе ауылы)
42 кг…
13:21 | 20 қараша 2013
Кеше 75 жасқа қараған шағында Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясы төрағасының әкесі Базарбай Мұсабайұлы өмірден өтті.
Үш ұл мен үш қыз тәрбиелеген ардақты әке, бүкіл ғұмырын ағартушылық саласына жұмсаған ұлағатты ұстаздың қазасы баршамызға ауыр тиді. Қазақстан дзюдо федерациясы Самат Базарбайұлы мен оның жақындары, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
11:25 | 20 қараша 2013
Бүгін, 20 қарашада спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ұжымы бір жылдық мерейтойларын атап өтуде.
Елiмiздiң бокс федерациясының тiзгiнін ұстайтын Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бес спорт түрi федерацияларын бiр конфедерацияға бiрiктiру турасындағы ұсынысы жүзеге асты. Осыдан бір жыл бұрын Астанада спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері ұйымы ресми түрде қызметін бастаған болатын. Мерейтой иесі бокс, күрес, ауыр атлетика,…