Жаңалықтар

12:00 | 01 қыркүйек 2013
Алты күнге созылған дзюдодан әлем чемпионатына біздің ұлттық құраманың атынан 15 спортшы қатысты. Жарысты қорытындылайтын болсақ: Қазақстан чемпионатты жеке есеп бойынша төрт жетістікпен, оның ішінде бір «күміс» жүлдемен аяқтап отыр. «Күміс» алқаны 66 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Азамат Мұқанов жеңіп алды. Дастан Ықыбаев 73 кг дейінгі салмақта бесінші орын алса, 60 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Елдос Сметов…
12:00 | 31 тамыз 2013
Кеше, 30 тамызда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) дзюдодан әлем чемпионатының бесінші күнгі жарыстары жалғасты. Қазақстан құрамасының атынан бұл күні үш спортшы өнер көрсетті: 90 кг дейінгі салмақ санатында Ислам Бозбаев өзінің екінші кездесуінде жапон спортшысы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Масаси Нишияманы жеңді, бірақ үшінші кездесуде литвалық Каролис Бауцадан жеңіліп қалды. Ал спортшы Анар Сейтімова 78 кг дейінгі салмақ санатындағы бірінші кездесуінде-ақ британдық…
08:00 | 30 тамыз 2013
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан дзюдодан әлем біріншілігінде кеше, 29 тамыз күні төртінші салмақ санаты бойынша жарыстар жалғасты. Қазақстан құрамасынан атынан бұл күні татамиге бір ғана спортшы – Дәулетхан Жақыпов шықты. Өкінішке орай, біздің спортшы іріктеу айналымынан шыға алмады: ол исландиялық Свейнбьёрн Иурамен болған бірінші кездесуді иппонмен аяқтағанымен, екінші кездесуде швед Робин Пасекадан жеңіліп қалды. Сөйтіп, Дәулетхан жарыс жолынан шығып қалды.…
17:00 | 29 тамыз 2013
Қазақстанның табиғаты тамаша жерінде, Бурабайда біздің дзюдошыларымыз оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Олардың қатарында алдағы Әлем чемпионатына дайындалып жатқан ұлттық құраманың атлеттері де бар. Максим Раков, Сергей Лим және басқа дзюдошылар Чемпионаттың қарсаңында сұхбат беруден бас тартты. Бұл спорттың барлық түріндегі ырым, спортшылар алдын-ала болжам жасағанды ұнатпайды. Бірақ дзюдо «жұлдыздарымен» бірге жаттығып жатқан ұлттық құраманың болашақ чемпиондарымен сұхбаттаса алдық. Елдос Жұмаханов 23…
16:00 | 29 тамыз 2013
Айбек Имашев, дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, бірнеше халықаралық жарыстардың жүлдегері. Жақында ғана 21 жасқа толған ол жастар құрамасынан ересектер қатарына биыл ауысып отыр. -Ересектер командасындағы жағдайыңыз қалай? - Өте жақсы. Бір жағынан сол баяғы бапкерлерім қалды, және ұлттық құрамада жаттығып жатырмын. Бұл жаттықтырушылар штабымен 2009 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Сол баяғы ырғақпен, сол баяғы құрамамен жаттығудамын. Білмегенімді…

Әлеуметтік желідегі парақшалар