Жаңалықтар

11:42 | 29 маусым 2021
Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. «Дзюдодан Токио Олимпиадасына баратын құрам бүгінде белгілі. Осыған дейін айтқанымыздай, Олимпиада ойындарына Олимпиадалық рейтингте жоғары орында тұрған спортшы барады. Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасының 7 спортшысы рейтингте тиісті ұпайды жинады. Алайда әр салмақтан бір спортшы ғана қатыса алатындықтан біз алдыңғы қатарда…
14:24 | 24 мамыр 2021
Қазақстан құрамасы Будапештте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысады. 6-13 маусым күндері өтетін дүниежүзілік біріншілікке 133 елден 727 татами шебері қатысады. Әлем чемпионатында ел намысын барлығы 17 дзюдошы қорғайды. Ерлер: 1. Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг) 2. Мағжан Шамшадин (-60 кг) 3. Елдос Жұмақанов (-66 кг) 4. Жансай Смағұлов (-73 кг) 5. Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг) 6. Дидар…
11:12 | 17 мамыр 2021
14-16 мамыр күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі өтті. Аталған құрлықтық додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысты. Жасөспірім санатындағы дзюдошылар 16 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтаса, жастар 14 салмақ бойынша сынға түсті. Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сегіз…
09:00 | 24 наурыз 2021
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың туған күні! Құрметті Қайрат Пернешұлы! Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің, елімізде дзюдоның дамуына ат салысып, дзюдошыларды қолдаудағы орныңыз ерекше. Бүгінде кәсіби біліктілігіңіз бен көрегенділігіңіздің арқасында ел дзюдосының дамуы мақсатында үлкен жұмыс атқарылып отыр. Біз үшін сізбен бірлесе бір мүдде жолында жұмыс істеу үлкен мәртебе. Сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтай…
14:00 | 10 наурыз 2021
13-14 наурыз күндері Ақтау қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ашық Азия кубогы өтеді. Тұрар Жолдыбаевтыескеалуғаарналғантурнирге8 елден 200-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарланған. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, лицензиялық жарыс саналатын ашық Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі: 1 орын – 100 ұпай 2 орын – 70 ұпай 3 орын – 50…

Әлеуметтік желідегі парақшалар