Жаңалықтар
17:07 | 20 қыркүйек 2016
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері КонфедерациясыРио-де-Жанейродағы ХХХI жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша бокс, әйелдер күресі, дзюдо мен ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командаларының ғылыми-кешенді топтың мамандарының еңбегін ескеріп, ақашалай сыйлықпен марапаттады. Конфедерацияның бас директоры Данияр Абулгазин осы күні 30 маманға сыйақыны табыстады. Бұл туралы Конфедерацияның баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақстандық спортшылардың жазғы Ошлимпиада ойындарындағы жетістігінде бапкерлердің еңбегімен қатар, ғылыми-кешенді…
15:40 | 19 қыркүйек 2016
Ақтауда Тұрар Жалдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өтті. Аталмыш турнирде 20 құрамадан 250-ден астам дзюдошылар бақ сынады.
Тұрар Жолдыбаев атындағы халықаралық турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Ерлер:
60 кг
1 орын - Жуманов Сүйіндік (ОҚО)
2 орын - Амангелді Бақытжан (БҚО)
3 орын - Әбіл Мейрам (Маңғыстау облысы)
3 орын- Ғалымов Алмас (Алматы облысы)…
20:06 | 16 қыркүйек 2016
Маңғыстаулық кәсіпкерлер Самат Мұсабаев пен Асылбек Жолдыбаев Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қала тұрғындарына дзюдо спорт кешенін сыйға тартты. Белгілі фермер Тұрар Жолдыбаев атымен аталған жаңа ғимараттың жалпы алаңы 5 мың шаршы метрді құрайды. Нысан құрылысына 150 млн.теңге қаржы жұмсалған. Мұнда дзюдомен айналысуға арналған үлкен зал, жаттығу залы, дәрігер бөлмесі,жатақхана, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер бар. Жаңа нысанның ашылу салтанатына…
14:55 | 13 қыркүйек 2016
ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Рио Олимпиадасы қазақстандық дзюдошылар үшін нәтижелі болды десек те болады. Олимпиаданы қорытындылап, еліміздегі дзюдоның жай-күйі туралы Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбековпен тілдескен едік.
- Маратбек Сәменбекұлы, әңгімемізді Олимпиада ойындарынан бастасақ. Рио Олимпиадасында жоспар орындалды ма?
- Рио Олимпиадасынан екі медаль аламыз деп жоспарладық. Медаль көлемі бойынша жоспарымыз орындалды. Бірақ, алтын аламыз…
11:32 | 13 қыркүйек 2016
Қазақстан дзюдо федерациясының ұжымы төрешілік жөніндегі директор Нұртазин Мұхсин Мұхамадиұлына ағасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.