Жаңалықтар
14:55 | 13 қыркүйек 2016
ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Рио Олимпиадасы қазақстандық дзюдошылар үшін нәтижелі болды десек те болады. Олимпиаданы қорытындылап, еліміздегі дзюдоның жай-күйі туралы Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбековпен тілдескен едік.
- Маратбек Сәменбекұлы, әңгімемізді Олимпиада ойындарынан бастасақ. Рио Олимпиадасында жоспар орындалды ма?
- Рио Олимпиадасынан екі медаль аламыз деп жоспарладық. Медаль көлемі бойынша жоспарымыз орындалды. Бірақ, алтын аламыз…
11:32 | 13 қыркүйек 2016
Қазақстан дзюдо федерациясының ұжымы төрешілік жөніндегі директор Нұртазин Мұхсин Мұхамадиұлына ағасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
11:30 | 12 қыркүйек 2016
10-11 қыркүйек күндері Индия қаласы Кочиде жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасынан 18 спортшы қатысып, оның 12-сі жүлделі орыннан көрінді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жеңісбек Жақсыбек қарсылас шыдатпай, Азия чемпионы атанды. Қыздардан 78 келіде ел намысын қорғаған Қадірбекова Перизат жастар арасындағы Азия чемпионы болды.
Абужакинова Абиба (48 кг), Салықова Ажар (63 кг), Маратова Назгүл (+78 кг)Жарылғапов…
17:48 | 10 қыркүйек 2016
Кочиде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды. Құрама бапкері Ғайнулла Есенғалиев дзюдошылардың жетістігіне көңілі толғандығын айтты. «Ұлдарымыз мақсатты толығымен орындады. Қыздар құрамасынан бір алтын күткен едік. Өкінішке қарай, финалға жолдама алған спортшымыз қарсыласқа есе жіберіп алды. Дегенмен, бұл чемпионат құрамадағы жас дзюдошыларымыздың алғашқы үлкен жарысы. Қарсыластарының да айла-тәсілдері жат. Татамиде барлығы бір-бірімен бірінші рет кездесіп жатыр.…
11:26 | 10 қыркүйек 2016
Бүгін Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті, Конфедерация төрағасы, атқарушы комитеттің төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлын туған күнімен құттықтаймыз. Туған күнімен құттықтай отыра, еліміздің дамуы жолында атқарып келе жатқан қызметіне жеміс, отбасына амандық, бастамаларына сәттілік тілейміз.