Жаңалықтар
02:52 | 07 тамыз 2016
Елдос Сметов жарыс жолын екінші айналымнан бастап, алдымен ливиялық Мухамед Элькависті айқын басымдықпен жеңді. Кезекті қарсыласы «Гран при», «Үлкен дулыға», «Әлем шеберлері» турнирінің жүлдегері британдық Эшли Маккензи болды. Осал қарсылас емес екені белгілі, себебі оған дейін Эшли түріктің мықты балуаны Бекер Озлудан басым болған еді. Дегенмен Елдос оған да еш мүмкіндік қалдырмай, «юко» ұпайымен алға шығып, жеңіске жетті. Келесі айналымда…
02:04 | 07 тамыз 2016
Отгонцетцег Галбадрах жарыс жолын бірден екінші айналымнан бастады. Екінші айналымда оның қарсыласы көптеген ірі турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері Лима Тасиана болды. Кездесу тартысты өтті. Лима алдымен «вазари» ұпайымен алға шыққан еді. Алайда Отгонцетцег кездесудің аяқталуына 1 минут қалғанда есепті теңестіріп, «вазари» ұпайын еншіледі. Екі спортшы тең келе жатқандықтан, қосымша уақыт беріліп, сылбыр күрескендігі үшін Лима ескерту алып, спортшымыз жеңіске жетіп,…
02:59 | 05 тамыз 2016
ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан 136 елден 389 дзюдошы қатысады. Бұл Олимпиададағы Дзюдо тарихында рекордтық межеге жетті. Лондон олимпиадасында 135 елден 387 спортшы қатысқан болатын. Сонымен қатар, бүгін Қазақстандық дзюдошылардың Рио Олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары анықталды.
60 келідегі Әлем чемпионы Елдос Сметовтің алғашқы қарсыласы ливиялық Элкависа Мохамед Элхади болды. Мохамед Элхади Олимпиадаға құрлықтық жолдама бойынша келген.
66 келіде Жансай Смағұлов бельгиялық…
20:12 | 04 тамыз 2016
Қазақстан аймағында олимпиаданы тікелей эфирде «ҚАЗАҚСТАН», «Казспорт» және «ХАБАР» арналары көрсетеді. Бразилия-Қазақстан аралығындағы уақыт айырмашылығы - 9 сағат. Олимпиаданың ашылу салтанаты "ХАБАР" арнасында Астана уақыты бойынша 6 тамызда таңғы сағат 04:55-те басталады.
Дзюдо сайыстары 6 тамызда 19.00-де басталады. «ҚАЗАҚСТАН» арнасында 6-сынан 7-сіне қараған түні сағат 00.25-те ФИНАЛ тікелей эфирден көрсетіледі. 7 тамызда таңертең 07.00 – де «ХАБАР» арнасында қайталау болады.…