Жаңалықтар
14:27 | 05 ақпан 2015
Тимур Асқарұлы Құлыбаев басқаратын Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы 2014 жылғы қорытындысы бойынша еліміздің Үздік спорт ұйымы атағына ие болды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жыл үздіктерінің салтанатты марапаттау рәсімін Қазақстанның Ұлттық мұражайында өткізген болатын. Конфедерация мен оның мүшелері үшін 2014 жыл жемісті болып өтті. Конфедерация спортшылары халықаралық жарыстардан, соның ішінде Азия Ойындарынан жүлделі оралды. 2014 жылдың…
10:43 | 04 ақпан 2015
2014 жыл өзіңіз үшін табысты өтті деп есептейміз, еліміздің намысын қорғап, Қазақстанның тарихында дзюдо күресінен тұңғыш рет Азиада жеңімпаз атандыңыз, дегенмен өткен жылғы жарыс алаңындағы өнеріңіз өзіңіздің көңіліңізден шықты ма?
-Өткен жылғы біздің басты мақсатымыз Азия ойындарында жоғары жетістікке жету болды. Әрине, жарыс тартысты өтті. Өздеріңіз білесіздер Азия құрлығында да мықты дзюдошылар аз емес. Дегенмен намысты қолдан бермедік. Менің ойымша…
13:47 | 02 ақпан 2015
Орталық коммуникациялар қызметінде Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы өкілдері және Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек биыл әлем біріншілігі Астана қаласында өткізілетінін хабарлады. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр. Федерацияның даму жөніндегі директоры Асхат Жіткеев дзюдодан ұлттық құрама Жапонияда жаттығу жасап жатқанын жеткізді. Сонымен…
00:18 | 20 қаңтар 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, федерацияның Құрметті президенті Махмұтов Бекет Сапабекұлын туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!
11:01 | 19 қаңтар 2015
Қаңтар айының 15-18 аралығында Талдықорған қаласында жасөспірімдер арасында қысқы демалыс күндеріне арналған дәстүрлі ашық республикалық турнир өткізілді. Оған еліміздің 10 облысынан және Қырғызтаннан екі команда қатысты. Жалпы саны 500- ге тарта спортшы бақ сынады.
Жарыстан соң оқу –жаттығу жиыны басталды. Оған 10 облыстан, 100-ден астам спортшы қатысуда.