Жаңалықтар
12:19 | 14 тамыз 2017
9-13 тамыз күндері Чилидің Сантьяго қаласында дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 64 елінен 428 жас спортшы қатысқан әлем біріншілігін Қазақстан кадеттер құрамасы 1 күміс және 1 қола медальмен медаль саны бойынша 12 орынмен аяқтады.
60 келіде белдескен отандасымыз Нұрзат Сәлімбаев жарыстың екінші күнінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде Алижандро Ретималды (Чили), екінші айналымда Курбонали…
12:10 | 14 тамыз 2017
Қазақстан дзюдо федерациясының төрешілер жөніндегі директоры Мухсин Нұртазин Мұхамадиұлының әкесі Нұртазин Мұхамеди Ғұмарұлының қаза болуына байланысты Қазақстан дзюдо федерациясы қайғырып, көңіл айтады.
04:19 | 12 тамыз 2017
Қазақстандық дзюдошы Серікболсын Шынтас (81 кг) дзюдодан Чилиде кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды.
Ол жұбаныш белдесуінде тайпейлік Хсу Шиенанды иппонмен жеңіп, қола медаль үшін күресуге ммүмкіндік алды. Маңызды додаданың қола медалі үшін тәжікстандық балуан, кадеттер арасында Азия Чемпионы Маджидов Джохонгирден басым түсті.
Естеріңізге сала кетсек, Әлем Чемпионатының екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Нұрзат Сәлімбаев (60 кг)…
03:39 | 11 тамыз 2017
Чилидің Сантьяго қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Нұрзат Сәлімбаев (60 кг) вице чемпион атанды. Финалда ресейлік спортшы Казбек Нагушевке есе жіберген Нұрзат ел қоржынына алғашқы медалді салды.
Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде Алижандро Ретималды (Чили), екінші айналымда Курбонали Базаровты (Тәжікстан), 1/8 финалда Томас Коузо Аспитианы иппонмен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда моңғол дзюдошысы Нармандах Баянмухты иппонмен…
11:19 | 02 тамыз 2017
28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында дзюдодан Әлем Чемпионаты өтеді. Жылдың ең маңызды додасына әлемнің 131 елінен 782 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан ұлттық құрама командасынан ел намысын 18 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
Елдос Сметов (60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)
Азамат Мұқанов (66 кг)
Елдос Жұмаханов (66 кг)
Жансай Смағұлов (73 кг)
Азиз Қалқаманұлы (81 кг)…