Жаңалықтар
11:26 | 05 қыркүйек 2017
Халықаралық дзюдо федерациясы Әлем Чемпионатынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық дзюдошылар келесідей орналасқан (1-50):
60 кг
Ғұсман Қырғызбаев – 13 (1746)
Елдос Сметов – 22 (1157)
66 кг
Азамат Мұқанов – 19 (1200)
Елдос Жұмаханов – 27 (1042)
73 кг
Жансай Смағұлов – 19 (1132)
81 кг
Азиз Қалқаманұлы – 34 (784)
90 кг
Ислам Бозбаев –…
14:02 | 30 тамыз 2017
Бүгін Тәуелсіздіктің төлқұжаты Конституциямыздың, Ата заңымыздың қабылданған тарихи күні! Барша қазақстандық үшін орны айырықша саналатын мерекемен құттықтаймыз! Аспанымыз ашық, төрткүл дүниемен тереземіз кең, тәуелсіздігіміз баянды болғай!
17:46 | 29 тамыз 2017
Әлем Чемпионатының екінші күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан отандасымыз Азамат Мұқанов алғашқы айналымда-ақ Бразилия спортшысы Чарлиз Шибанаға вазаримен ұтылып, жарыстан шықты.
Дәл осы салмақта белдескен тағы бір дзюдошымыз Елдос Жұмаханов алғашқы айналымда әзірбайжандық Ниджат Шихализадемен кездесті. Қарсыласы дзюдода тыйым салынған әдіспен белдескені үшін жарыстан шеттетіліп, жеңіс отандасымыз Елдосқа берілді. Екінші айналымда
мексикалық Ангел…
21:27 | 28 тамыз 2017
Бүгін Будапеште дзюдодан Әлем Чемпионатының бірінші күні аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жарыстың алғашқы күнін бір қола медальмен аяқтады.
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем Чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франческа Миланиден голден скорде басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дарья Белодедті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Отгонцэцэг Галбадрах…
21:00 | 28 тамыз 2017
Будапештте өтіп жатқан Әлем Чемпионатында отандасымыз Отгонцэцэг Галбадрах қола медальға ие болды.
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем Чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франчиска Миланиден голден скорде басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дария Билодидті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, жартылай финалда отанбасымыз Отгонцэцэг Галбадрахтан жапон…