Жаңалықтар
23:58 | 10 ақпан 2019
Ислам Бозбаев Парижде өтіп жатқан «Grand Slam» жарысында күміс жүлдеге ие болды. Финалда ол оңтүстік кореялық дзюдошы Квак Дон Хванға есе жіберді.
Ислам Бозбаев жарыс брысында барлығы 5 кездесу өткізді. Жарысқа екінші айланымда қосылған отандасымыз бірінші Эдуард Триппелді (Германия) иппонмен ұтса, екінші белдесуінде Мокану Юрийден (Молдова) айласын асырды. Одан кейін ширек финалда жапониялық Мукай Шойчиромен белдесіп, иппон ұпайымен уақытынан бұрын…
20:46 | 10 ақпан 2019
Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Парижде өтіп жатқан "Grand Slam" турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол израиль спортшысы Ли Кохманды вазари ұпайымен ұтты. Жартылай финалға дейін 3 кездесу өткізіп, жеңіске жеткен Ислам енді финалда оңтүстік кореялық Әлем чемпионы Квак Дон Ханмен кездеседі.
"Grand Slam" турнирінің финалдық кезеңі Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Отандық "QazSport" арнасы жарыстың финалын тікелей эфирде көрсетеді.
18:23 | 10 ақпан 2019
Таразда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жекелей Чемпионаты аяқталды. Үш күнге созылған жарысқа Қазақстанның 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 681 дзюдошы қатысты. Жекелей сайыстардың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары 6 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен медаль кезсетінде көш бастады. 4 алтын, 3 қола медаль иеленген Алматы қаласының дзюдошылары екінші орынға тұрақтаса, Қарағандылық татами шеберлері 2 алтын,…
22:42 | 09 ақпан 2019
Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан әлемдік "Grand Slam" жарысының күміс жүлдесіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз финалда жапониялық Әлем Чемпионы Ноахисо Такатомен кездесіп, вазари ұпайымен есе жіберді.
Ал 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Галбадрах Отгонцэцэг жұбаныш финалында Ганбаатар Наранцэцэгті жеңіп, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.
20:02 | 09 ақпан 2019
Жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан Чемпионатының екінші күні өз мәресіне жетті. Жарыстың екінші күнінде ұлдар 60, 66, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаса, қыздар 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақта өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ, Таразда өтіп жатқан Қазақстан Чемпионатының аясында бірқатар спортшылар мен төреші, жаттықтырушыларға ДАН сертификаттары табысталды. Атап айтқанда, Қазақстанның бірнеше дүркін Чемпионы, Азия Чемпионатының жүлдегері Қалжан Тайжанова, ҚР…