Жаңалықтар

19:56 | 08 мамыр 2026
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 60 келіге дейінгі салмақта табысты өнер көрсетті. Талғат Орынбасар жарыс жолында сенімді белдесіп, турнирдің финалына дейін жетіп, Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды. Жартылай финалда отандасымыз Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Тайпей өкілі Янг Юнг-Вэйді жеңіп, ақтық сынға жолдама алған еді. Айта кетейік, Талғат Орынбасар Астана төрінде…
16:16 | 07 мамыр 2026
Астанада әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің ресми жеребе тарту рәсімі өтіп, спортшылар алғашқы қарсыластарын білді. Салтанатты рәсімге Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Тимур Болат, Федерацияның вице-президенттері Ержан Зайдинов пен Асхат Житкеев қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға Халықаралық дзюдо федерациясының атынан ұйымның спорт директоры Владимир Барта, төрешілік жөніндегі директор Рауль Камачо Перес және білім беру жөніндегі директоры Даниэль Ласкау қатысып, алдағы жарыстың…
19:40 | 04 мамыр 2026
8-10 мамыр күндері Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 әлемдік рейтингтік турнирі өтеді. Елімізде төртінші рет ұйымдастырылғалы отырған жарысқа дзюдо спортының майталмандары қатыспақ. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының татамиіне Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және әлемдік рейтингтің көшбасшылары шығады. Олардың қатарында Рафаэла Силва (Бразилия) – Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, Фабио Базил (Италия) – Рио Олимпиадасының чемпионы, Барбара…
19:34 | 28 сәуір 2026
Астанада 8-10 мамыр күндері өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін әлемдік додаға 39 елден 300-ден астам спортшы тіркелді. Назарларыңызға елорда татамиінде бақ сынайтын Қазақстан құрамасының тізімін ұсынамыз: Ерлер -60 кг: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы -66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев…
17:21 | 21 сәуір 2026
8–10 мамыр күндері Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турнирі өтеді. Бұл жарыс елордада төртінші рет ұйымдастырылып, әлемнің үздік дзюдошыларын бір алаңға жинамақ. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген беделді турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді. IJF талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары үлестіріледі. Атап айтқанда, бірінші орынға –…

Әлеуметтік желідегі парақшалар