Ақтауда жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді
1-2 мамыр күндері Ақтау қаласындағы теннис орталығында дзюдодан жасөспірімдер арасында Ер Қосай Құдайкеұлының жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді. Биыл Х рет ұйымдастырылып отырған халықаралық додаға Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен 2001-2003 және 2004-2006 жылы туыған 800-ге жуық жас татами шеберлері қатысады. Халықаралық жарыс жеңімпаздары «Спорт шеберіне үміткер» атағына ие болады. Екі күн өтетін жарыс кестесі келесідей:
1 мамыр
2001-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында
10:00 - жарыстың басталуы
Ұлдар: -42 кг, -46 кг, 50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, +81 кг
Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг, +63 кг
16:00 - Жарыстың ресми ашылу салтанаты
17:00 - финалдық кездесулер
2 мамыр
10:00 - жарыстың басталуы
2004-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында
Ұлдар: -26 кг, -29 кг, 32 кг, -35 кг, -38 кг, -42 кг, -46 кг, -50 кг, +50 кг
Қыздар: -32 кг, -36 кг, -40 кг, -44 кг, -48 кг, -52 кг, -57 кг, +57 кг
17:00 - финалдық кездесулер
0 пікірлер