Файзолланова кіші финалда жеңіліп қалды
Ташкентте өткен дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің әйелдер арасындағы екінші жарыс күні аяқталды (70 кг).
Бұл салмақ санатында Қазақстан құрамасынан атынан Динара Кударова мен Зәмзәгүл Файзолланова өнер көрсетті. Екеуі де қарсыластары Гульноза Матниязова (Өзбекстан) мен Лиор Вилдиканнан (Израиль) жеңіліп қалып, «жұбаныш» кездесуін қанағат тұтты. Онда Файзолланованың жолы болып, ол Виктория Оздаеваны (Өзбекстан) жеңді, бірақ кіші финалда Гульноза Матниязовадан (Өзбекстан) жеңіліп қалды. Динара болса, екінші кездесуінде де жеңіліп қалды, ол өзбек қызы Мухайо Ибрагимоваға есе жіберді.
Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бір күміс (Александра Подрядова) және екі қола (Назгүл Кубашева, Мариан рдабаева) қанжығалады.
0 пікірлер