40 мемлекеттің спортшылары Алматыда өткізілетін «Grand Prix» жарысына қатысатындарын растады

09:57 | 06 сәуір 2016

13-15 мамыр аралығында Алматы қаласында лицензиялық «Grand Prix» жарысы өткізіледі. Осы уақыттың өзінде оған қатысатындарын 40 мемлекеттің спортшылары растады және тіркелу жалғасуда. Бұл «Grand Prix» халықаралық турнирлерінің арасынан Олимпиадаға жолдама алу үшін ұпай берілетін жарыстардың соңғысы. Мұнан кейін, тек «World Masters» турнирі өткізіледі, ол жарыста да жолдама үшін ұпайлар беріледі.

Жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұйымдастырылады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар