Галбадрах Грузиядағы Гран придің қола жүлдесін жеңіп алды

19:11 | 25 наурыз 2016

Галбадрах Отгонцецег жарыс жолын екінші айналымнан бастады. Алдымен молдовалық Кристина Будесканы ұтқан спортшымыз, келесі айналымда ресейлік Ирина Долговаға есе жіберді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде Италия дзюдошысы Валентина Москаттан айласын асырып, үшінші орын үшін түркиялық Ебру Шахинмен күресті. Нәтижесінде Галбадрах қосымша уақытта «иппон» ұпайымен жеңіске жетті.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар