Дидар Хамза «European Open» жарысының жеңімпазы
22:33 | 13 ақпан 2016
Бүгін Австрияның Оберварт қаласында дзюдо күресінен «EuropeanOpen» жарысы басталды. Оған 48 елден 242 спортшы қатысуда. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша елімізден барған дзюдошылар арасынан Дидар Хамза топ жарды.
Дидар Хамза алдымен румындық Роберт Флорин Папты жеңіп, кейін австриялық Христофер Вагнерден басым болды. Мұнан соң, египеттік Мохамед Мухелдинді сан соқтырып, жартылай финалда бразилия палуаны Алек Вилиам Помбо Да Силваны тізе бүктіртті. Ал ақтық кездесуде де оны Бразилия өкілі Маркело Контини күткен еді. Осы кездесуде де Дидар Хамза барын салды, белсенділік танытып, қарсыласын жеңіп, алтын алды.
0 пікірлер