Әлем біріншілігін тамашалаған телекөрермендер саны рекордтқа жеткен

09:01 | 14 қараша 2015

Еліміздің дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визерден ресми хат алды. Онда биыл Астана қаласында өткен әлем біріншілігін теледидар арқылы тамашалаған көрермендер саны рекордтық көрсеткішке жеткені айтылған. Мәселен, өткен жылы Ресейдің Челябі қаласында өткізілген әлем чемпионатын тамашалаған көрермендер саны 110 миллион болып тіркелсе, елордадағы біріншілікті теледидар арқылы 193 миллион адам тамашалаған. Сонымен қатар, Мариус Визер біріншілік биыл қалың көпшілік тарапынан аса қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдірді.

0086831e49b50cafc64982aa6808bc1c.jpg

Сондай-ақ, хатта біріншілікке байланысты 1000 сағат тікелей эфир мен жаңалықтар жасалып, біріншілік туралы теледидарлардан 3 миллиард әр түрлі материалдар көрсетіліп, таратылғаны айтылған. Бұл көрсеткіш Челябі қаласында өткен додалы спорт шарасына қарағанда 147% көп екен.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар