Мұқановтың «күмісі» бағаланды
Ересектер арасында дзюдодан 26 тамыз бен 1-ші қыркүйек аралығында Рио-де-Жанейроның (Бразилия) «Maracanãzinho Arena» спорт кешенінің аумағында өткен әлем біріншілігінің тартыстары әлі естен шыға қойған жоқ. 124 елдің 779 спортшысы қатысқан бәсекеде Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жалғыз жүлделі медальмен елге оралған болатын. Өзінің маңдай терімен қолын жеткізген «күмісі» үшін қазақстандық дзюдошы Азамат Мұқанов тиісті марапатқа ие болды.
Алматыдағы дзюдодан әлемдік Гран – придің ашылу рәсімінде біздің медалист – триумфаторымыз салтанатты түрде 12,5 миллион теңгемен марапатталды. Қаржылай сыйлық Қазақстан Республикасының спорттық жекпе - жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Қазақстанның дзюдо федерациясының қолдауымен табысталды.
Естеріңізде болса, Азамат Мұқанов финалдық жекпе-жекке дейін жолына қарсы тұрған барлық қарсыластарын сенімді түрде атып ұрып, «алтын» үшін болған тартыста жапон дзюдошысы Масаси Эбинумаға есе жіберіп алды. Ал Азамат Мұқанов болса дзюдоға келгеніне аз уақыт болса да, әлемдік рейтингтің жоғарғы орындарына жайғасып үлгерді.
0 пікірлер