Максим Раков: «Бразиялық балуан оңай қарсылас болмады»
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Лондоннан кейінгі психологиялық тоқырау туралы, жарақаттар мен жанкүйерлердің тамаша қолдауы туралы...
Алматыдағы Әлемдік Гран-придегі финалдық жекпе-жек туралы (100 кг дейінгі салмақ санатында)
- Бразильдік спортшымен алғаш рет кездестім. Біртүрлі күреседі екен. Денесі ... қалай айтсам екен... лақтыруға қиын дене екен. Қанша талпынып көрсем де, лақтыра алмадым (жымиды). Екінші жағынан Бузакарини – Қазан Универсиадасының қола жүлдегері. Бірақ қалай сытылса да, оны бір рет мықтап ұстадым, сондықтан да өз жеңіске лайықты қол жеткіздім деп санаймын.
Лондон Олимпиадасы мен Бразилия біріншілігіндегі сәтсіздіктер туралы
- Мен де кәдімгі адаммын, менің де жеңісті күндеріммен қоса, сәтсіз күндерін болады. Оның үстіне күресте жаңа ережелер пайда болды, оған қоса жарақаттарым маза бермеді. Әлем чемпионатының алында бабыма толық келіп үлгермедім, енді ғана қалпына келе бастадым. Ал Лондондағы жеңіске келер болсақ, одан кейін мен үлкен психологиялық тоқырауға ұшырадым... Алтынға қатты үміт артып едім, бірақ дегеніме жете алмадым...
Әлемдік Гран-при турнирінің Қазақстанда өткізілуі туралы
- Осындай беделді турнирдің енді жыл сайын бізде өткізілетініне қуаныштымын (2016 жылға дейін –автордың түсіндірмесі). Біріншіден, ол лицензиялық жарыс, екіншіден, сен өз алаңыңда, өз жанкүйерлеріңнің қызу қолдауымен өнер көрсетесің! Мұндай жағдайда белдесу анағұрлым жеңіл...
0 пікірлер