Ислам Бозбаев: «Финалдық кездесуіме риза емеспін»
Алматыдағы Гран-при турнирінің екінші күні (28-29 қыркүйек) күтпеген оқиға орын алды. 90 кг дейінгі салмақ санатындағы алтынды сарапқа салатын қазақстандық Ислам Бозбаев пен өзбек балуаны Хуршид Набиевтің жекпе-жегі өтпей қалды. Финалдық кездесу жарияланғаннан кейін татамиге тек Бозбаев қана шықты. Күреспей-ақ, жеңіс біздің Исламға бұйырды.
- Менің қарсыласым жарақат алып қалғандықтан, финалдық кездесуге қатыса алмады деп жатыр. Әрине, мен қапамын, себебі оған дейін ресейлік және бразилиялық балуандарды жеңдім. Алтын алатыныма сенімді болдым. Финалдық кездесуде барлық шеберлігімді ортаға салғым келді. Бірақ, алтынды күреспей аламын деп ойламаппын. Медальды жай алу, қызық емес қой?!
Бразилиядағы әлем чемпионаты туралы қысқаша айтар болсам, онда нәтиже көрсеткім келген. Бірақ, дегенім болмады. Мүмкін, дзюдоның Атасы ол кезде мені қолдамаған болар (жымиды).
5-6 қазанда Ташкентте өтетін Гран-при турниріне қатыспаймын, себебі ол жарысқа біздің құраманың негізгі командасы бармайды. 6 қазанда біз медициналық тексеруден өту үшін Мәскеуге аттанамыз, әрі қарай Беларусь еліне жиынға өтеміз. Одан кейін Астанада клубтардың әлемдік чемпионаты басталады, сол жарыста біздің нашего «ТАК Astana Club» клубының атынан өнер көрсетеміз.
0 пікірлер