Кеңес Рақышев: «Бүгін қазақстандық дзюдоның үлкен мерекесі!»

23:45 | 28 қыркүйек 2013

Дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Royal Tulip Almaty отелінің мәслихат залында брифинг өтті. Бұл шараға ҚР Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев, Халықаралық Дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Азияның Дзюдо федерациясының президенті Обаида әл-Анзи қатысты.

Кеңес Рақышев:

Кеңес Рақышев: «Бүгін қазақстандық дзюдоның үлкен мерекесі!»

- Бүгін қазақстандық дзюдоның үлкен мерекесі! Біріншіден, Әлемдік Гран-при басталды. Және осынау беделді жарыстың қыркүйек айындағы кезеңі бұдан былай Қазақстанда өтетін болады (2016 жылға дейін –автордың түсіндірмесі). Осыдан бірнеше сағат бұрын көз алдарыңызда, Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен болашақ Дзюдоакадемиясы құрылысының іргетасын қаладық, академияны келесі жылы ашуды жоспарлап отырмыз. Біз өз баспанамызға баяғыдан мұқтажбыз және Академия халықаралық мәртебеге ие болуы әбден мүмкін. Және бірнеше минуттан кейін Визер мырза екеуміз 2015 жылғы дзюдодан әлем чемпионатының Астанада өту фактін ресми растайтын құжаттарға қол қойғалы отырмыз. Көріп отырсыздар, бір күнде қаншама жақсы жаңалық болып отыр, мұның барлығы отандық дзюдоның деңгейін көтеру үшін жасалып отыр. Барлық жоспарларымызды жүзеге асыруға көмектескен федерацияларға және әсіресе Конфедерацияға рахметімді айтқым келеді. Алматыға арнайы келген Визер мырзаға рахмет айтамын. Оның қолдауынсыз халықаралық деңгейге тез шыға алмас едік. Сондықтан да барлық дзюдо әуесқойларының атынан оған награда – «Тарлан» орденін табыс еткім келеді.

Мариус Визер:

Кеңес Рақышев: «Бүгін қазақстандық дзюдоның үлкен мерекесі!»

- Кеше бірнеше маңызды кездесу өткіздім. Алматыдағы болашақ дзюдо орталығын және 2015 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатын талқыладық. Ол форум қазақстандық дзюдоның дамуына үлкен серпін береді. Оған қоса, ол 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиаданың қарсаңындағы соңғы біріншілік болады. Сіздерге сәттілік тілей отырып, сіздердің дзюдошыларыңыздың екпіні жақсы екенін, дайындықтарын шын мәнінде жоғары екенін айтқым келеді.

Обаид әл-Анзи:

- Алматыда басымызды қосқаны үшін Кеңес Рақышевке рахмет айтамын. Астанадағы әлем чемпионатын үлкен сәттілік күтіп тұрғанына сенімдімін. Қазақстанның мұндай шараларды ұйымдастырудағы дайындығы зор.

Әрі қарай БАҚ өкілдері сауалдар қойды.

- Астанадан басқа, 2015 жылғы әлем чемпионатын өткізуге қай елдердің таласы болды. Астананың таңдалуына қандай нақты дәйектер болды? (Мариус Визерге қойылған сұрақ)

-Жоғары деңгейде мұндай форум өткізу үшін қомақты қаржы керек. Біз Ұлан-Батыр, Дубай, Будапешт және Астана қалаларының ішінен таңдадық. Және бүгінгі таңдағы үздік таңдау – Астана деп шештік!

- Қазіргі таңда күрес спорты қиын жағдайды басынан кешіруде, жақында олимпиада бағдарламасынан шығып қала жаздады. Дзюдоның басына сондай іс түспеу үшін халықаралық федерация не істе жатыр?

- Дзюдоның сапасы жоғары деңгейде қалу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Күрес федерациясындағыдай, бізде күрделі мәселелер туындап жатқан жоқ. Жұмыстың бәрі жақсы жүргізіліп жатыр.

- Соған қарамастан, Алматыдағы Гран-придің ұйымдастырылу деңгейіне онша риза болмағаныңыз белгілі болды.

-Ия, шынымен солай. Нақты ескертулерім болды, бірақ оларды мен қазір жария еткім келмейді. Қазақстанның дзюдо федерациясы бізбен көбірек жұмыс істеуі керек, Гран-при сияқты турнирді бұдан да жақсы өткізуге болады.

-Қазақстанның келешекте дзюдоның әлемдік державасы атануына мүмкіндік бар ма?

-Неге болмасқа?! Сіздерде әлеует зор, оның үстіне біздің халықаралық федерацияға мүшесіздер. Тек көбірек жұмыс істеу, осындай үлкен шараларды жақсылап өткізу керек, оның үстіне алда сіздерді әлем чемпионаты күтіп тұр. Сонымен бірге Федерацияның ішіндегі кадрлармен, жаттықтырушылармен де жұмыстар жүргізу керек.

Кеңес Рақышев: «Бүгін қазақстандық дзюдоның үлкен мерекесі!»

- Бүгін сіз әкім А.Есімов мырзаға, келесі жылы Алматыда Дзюдо академиясын ашуға уәде еттіңіз. Оның басты міндеті қандай болмақ? (Кеңес Рақышевке қойылған сауал)

- Федерация президенті ретінде өз міндетіме кіріскен кезде, мен инфрақұрылымды жақсарту туралы басымдықты міндетті анықтадым. Бізде залдар тым аз, барлық бағытта проблемалар баршылық. Алматыдағ залдарды жеке өзім аралап шықтым және таң қалдым. Үш залды жөндеуден өткізгенімізге қарамастан, алыдма өз залымызды салу туралы міндет қойдым. Дзюдоның өз шаңырағы болғанын, онда тек қазақстандық қана емес, әлемдік деңгейдегі жаңа жұлдыздардың тәрбиеленгенін арман еттім. Қазір біз дзюдоны мектеп бағдарламасына қосу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Ұсынысымды үкіметке жібердік.

- Жылдың басында елордада дзюдодан алғашқы «ТАК Astana Club» спорттық клубының тұсауы кесілді. Бұл клуб болашақта «Астана» Президенттік кәсіпқой спорттық клубына кіреді ме?

- Міндетіт түрде. Оған қоса, Қазақстанда клубтық чемпионат ұйымдастыруды ойластырып жатырмыз. Ең үздік деген дзюдошылар біздің спорттық клубқа өтулері үшін. Қалай болғанда да, біздің жұмыстарымыз жақында жемісін беріп қалады. Отандық дзюдоны барынша дамытуға уәде беремін. Барлықтарыңызға рахмет.

Кеңес Рақышев: «Бүгін қазақстандық дзюдоның үлкен мерекесі!»

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар