Федерация басшылығы спортшылар мен бапкерлерге қаржылай сыйлық таратты
Алматы қаласында өткізілген әлем біріншіліктерінің қорытындысы бойынша федерация басшылығы спортшылар мен бапркелерді ресми түрде құттықтап, қаржылай сыйлықтар ұсынды.
Жиын барысында дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев Астанада өткен әлем біріншілігін қорытындылады.
Кеңес Рақышев спортшыларды жеңістерімен тағы да құттықтап, әлем чемпионы Елдос Сметовке - 15 млн.тенге, күміс жүлдегер Рустам Ыбраевқа - 10 млн.теңге, ал кадеттер арасында әлем чемпионы Айболат Ыстыбайға - 1 млн.теңге сыйлады.
Сонымен қатар, ұлттық құраманың және жеке бапкерлерде қаржылай сыйлықтарға ие болды. Бас бапкер Ермек Имамбековке 5 миллион теңгенің сертификаты тасбысталды, құраманың басқа да жаттықтырушыларына 500 мың теңгеден және ұқалаушы мен дәрігерге 300 мың теңге берілді. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін, баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Оның барысында Кеңес Рақышев федерация ұжымына, БАҚ өкілдеріне, бапкерлер мен әлем біріншілігін өткізуге ат салысқан барлық азаматтарға алғыс білдірді.
0 пікірлер