Қос Елдостың - қос алтыны!

23:37 | 28 қыркүйек 2013

Алматыда дзюдодан өткен Әлемдік Гран-при турнирі. Бірінші күннің қорытындысы:

Ерлер арасында

60 кг:

-Елдос Сметов – алтын

-Айбек Имашев – күміс

-Асхат Тельманов, Рустам Ибраев – қола

66 кг:

-Елдос Жқмаханов – алтын

- Дмитрий Шершан (Беларусь) – күміс

-Бақдаулет Сәбитов, Якуб Шамилов (Ресей) - қола

73 кг:

- Алекс Помбо Да Сильва (Бразилия) – алтын

-Ертуған Төренов – күміс

-Дастан Ыкыбаев, Цагаанбаатар Хашбаатар (Моңғолия) -қола

Әйелдер арасында

48 кг:

- Кристина Румянцева (Ресей) – алтын

-Александра Подрядова – күміс

- Шира Ришони (Израиль), Марина Черняк (Украина) – қола

52 кг:

- Льсе Хейлен (Бельгия) – алтын

- Гили Коэн (Израиль) – күміс

- Ракель Сильва (Бразилия), Рони Шварц (Израиль) - қола

57 кг:

- Кетлейн Куадрос (Бразилия) – алтын

- Камила Минакава (Израиль) – күміс

- Шушана Хевондян (Украина),Севара Нышанбаевақола

63 кг:

- Мариана Баррос (Бразилия) – алтын

- Мариана Сильва (Бразилия) – күміс

-Мариан Урдабаева, Нина Милошевич (Словения) –қола

Қазақстан құрамасы:2 алтын, 3 күміс, 6 қола

Владимир Кичатов, Қазақстанның ерлер құрамасының аңа жаттықтырушысы:

- Біздің жігіттер жақында ғана әлем чемпионаты өткен Бразилиядан оралды. Олар әлі шаршаулы, салмақты ұстап тұру өте қиын. Соған қарамастан, 60 кг дейінгі салмақ санатында абсолюттік жеңіске жеттік. Аға жаттықтырушымыз Ермек Иманбековтың кеңестеріне құлақ салған жігіттер қоржынымызды наградаға толтырды.

Қос Елдостың - қос алтыны!

Елдос Сметов:

- Жеңіс оңай келмейді. Көп еңбек етіп, тер төксең ғана жеңіске жетесің. Гран-при жарысындағы өз міндетімді орындадым - чемпион атандым. Күмістің өзін мен сәтсіздік деп бағалар едім, себебі мен Бразилиядағы жеңілістен әлі есімді жинай алмай жүрмін. Неге олай болғанын, мен түсінбедім. Түсіндіре алмаймын. Қалай болғанда да, өзім кінәлімін. Келесі әлем біріншілігінде бірінші болуға тырысамын. Өзім үшін талпынамын!

Қос Елдостың - қос алтыны!

Елдос Жұмаханов:

-Беларусь балуаны Шершанмен болған кездесуде қатты қинала қоймадым. Оған дейін біз екеуміз жиындарда кездескенбіз, ол кездері де мен жеңіп жүрдім. Менің міндетім – алтын ғана болды. Бразилия біріншілігі туралы айтар болсам, ол өзі қиын кездесу болды, есіме түсіргім келмейді (жабырқаулы жымиды). Келесі жылы Челябіде өтетін әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетуге тырысамыз. Шүкіршілік, елімізде дзюдоның деңгейі күн санап өсіп келе жатыр, бұл жайт баршамызды қуантып отыр.

Қос Елдостың - қос алтыны!

Ермек Иманбеков, Қазақстанның ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы:

-Егер турнирдің бірінші күніне баға беретін болсақ, жігіттер менің күткен үмітімді ақтады. Бүгін екі алтынға үміт артқанмын, бәрі ойдағыдай болды. 60 сг салмақ санатында өнер көрсеткен жігіттердің екпіні ұнады, жүлделі орындардың барлығын ешкімге бермеді. Төртеуі де соңғы кезде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді, рейтингтері де жоғарылады. Жұмахановқа дән ризамын. Жақында ғана ол әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы атанды, Азия біріншілігінде үшінші орында болса, бүгін алтынды иеленді. Елдос өсіп келе жатыр, оны бәріңіз көріп отырсыздар. Ыкыбаев пен Тельманов неге жеңіліп қалды дейсіздер ғой?! Екеуі де әлем чемпионатынан кеше ғана оралды, шаршап оралды. Ондай үлкен жарыстан кейін спортшы, бірінші кезекте, психологиялық тұрғыдан бабына келіп, ең жоқ дегенде бір ай демалуы керек. Төреновтің де жағдайы сондай. Ол да Бразилиядан шаршап оралды... Ал ертең Раковтан алтын күтемін. Ертең бір алтын да жетеді, себебі күміссіз және қоласыз қалмайтынымыз анық.

Екінші жарыс күні. Жеребе

Ерлер арасында

81 кг:

- Дәулетхан Жақыпов – Хасан Халмурзаев (Ресей)

- Азамат Қыпшақбаев – Сайджалол Саидов (Тәжікстан)

- Әділет Мисин - Шухратджон Арсланов (Өзбекстан)

- Бекжан Әбдуәлиев – Алан Бетанов (Ресей)

90 кг:

- Ислам Бозбаев – Дмитрий Довган (Ресей)/Камолиддин Холмаматов (Өзбекстан)

- Константин Рогозин – Хусен Халмурзаев (Украина)

- Айбол Айтбек – Вадим Синявский (Украина)

- Евгений Ширшов – Комроншох Устопириён (Тәжікстан)

100 кг:

- Максим Раков – Станислав Гасинов (Ресей)/Дархан Темірханов

- Талғат Әмренов – Уткур Курбанов (Өзбекстан)

- Адам Богатырев – Парвиз Собиров (Өзбекстан)

- Дархан Темірханов – Станислав Гасинов (Ресей)

+100 кг:

- Ержан Шынкеев – Акбаржан Иминов (АҚШ)

- Дәурен Нұралинов – Степан Саркисян (Ресей)

- Абдусалихов Саулет – Дильмурод Махмудов (Өзбекстан)

Әйелдер

70 кг:

- Динара Кударова – Луиза Гайнутдинова (Украина)

- Замзагүл Файзолланова – Лиор Вилдикан (Израиль)

- Дильбар Өмірәлиева – Айжан Кадырбекова (Қырғызстан)

- Перизат Жақыпбекова – Ирина Сордия (Ресей)

78 кг:

- Анар Сейтімова – Альбина Амангелдиева

- Зарина Райфова – Анастасия Дмитриева (Ресей)

- Мархабат Ақылбаева – Алёна Качоровская (Ресей)

+78 кг:

- Гульжан Исанова –n/a

- Руза Духтурбаева – Ксения Чибисова (Ресей)

- Назира Ержанова - Джавзмаа Одхуу (Моңғолия)

- Зарина Нүсіпбаева – Марина Слуцкая (Беларусь)

Әлемдік «Гран-при»– Халықаралық Дзюдо федерациясының (IJF) ұйытқы болуымен өтетін лицензиялық турнир. Осынау жарыстың қыркүйек айындағы кезеңі 2013 жылдан бастап төрт жыл қатарынан, 2016 жылға дейін Қазақстанда өтетін болады.

Халықаралық турнирдің ұйымдастырушылары:

- ҚР Дзюдо федерациясы

- Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінің конфедерациясы

- ҚР СПорт және дене шынықтыру істері агенттігі

- Алматы әкімдігі

Демеушілер: ҚазМұнайГаз және Sat&Company компаниялары

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар