Гран-при. Қыздарымыз алтынсыз қалды
Дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирде қыздар арасындағы кездесулер аяқталды.
48 кг салмақ санатында өнер көрсеткен және финалға шыққан қазақстандық балуан қыз Александра Подрядова өзінің шешуші кездесуінде ресейлік Кристина Румянцевадан жеңіліп қалды. Кіші финалда израиль қызы Шира Ришониге есе жіберген Айгүл Байқұлова да қоладан құр қалды.
Ал 52 кг салмақ санатында қола үшін өткен кездесуде қазақстандық Олеся Куценко бразилия қызы Ракель Сильведен жеңілді.
57 кг салмақ санатындаНазгүл Кубашева (украин қызы Шушана Хевондяннан жеңіліп қалып – суретте) Олеся Куценконың «ерлігін» қайталаса, Севара Нышанбаевақола үшін таласқан кіші финалда қырғыз қызы Гүлжаз Саимованы жеңді. Сөйтіп, медаль алды!
63 кг.Бұл салма санатында үшінші орын үшін өзіміздің екі қыз таласты: Мариан Ордабаева мен Анар Жұмабаева кездесіп, Мариан жеңіске жетті.
0 пікірлер