Гран-при. 73 кг. Бразилиялық балуан көңілімізді түсірді
Латынамерикандық дзюдошы Алекс Помбо Да Сильва финалдық кездесуде қазақстандық Ертуған Төреновті жеңіп (ал, жартылай финалда тәжірибелі моңғол балуаныЦагаанбаатар Хашбаатардан басым түсіп), Алматыда өтіп жатқан дзюдо жарысының бірінші күні біздің құрамаға барлық салмақ санатында жеңісті тойлауға мүмкіндік бермеді. Сметов - 60 кг салмақ санатында, Жұмаханов - 66 кг салмақ санатында «алтыннан» алқа тағып қуантқанымен, Төренов бразилиялық алыптан аса алмай, күмісті қанағат тұтуға мәжбүр болды.
Ал қалған жігіттерге келетін болсақ, Дастан Ыкыбаев, «жұбаныш» кездесулерін қанағат тұтты. Сол кездесулерде екі жеңіске жеткен Дастан қоладан алға тақты. Ол ресейлік Феликс Галуаев пен моңғол балуаны Одбаяр Ганбаатарды жеңді.
Өкінішке орай, Бекзат Манасбаев Дастан Ыкыбаевтың «жұбаныш» кездесулерін қайталай алмалы. Ол екі кездесудің біреуінде ғана жеңіске жетті – беларусь балуаны Алексей Свиридті жеңді. Бірақ, моңғол балуаны Цагаанбаатар Хашбаатардан жеңіліп қалды.
0 пікірлер