Ислам Бозбаев: "Күтпеген сәтсіздік"

15:03 | 28 тамыз 2015

Дзюдодан қазақ құрамасының 90 келі салмақ дәрежесіндегі бірінші нөмірі Ислам Бозбаев алғашқы кездесуде австралиялық Диего Барретоны ұтса, екінші айналымда иппонмен Еуропа чемпионатының жүлдегері француз Александре Иддирге ұтылып қалды.

"Жарысқа әбден дайын болдым, - дейді Ислам, - Қарсыластарды біліп, бапкеріммен бірге арнайы тактиканы құрастырдық, дайындалдық, бірақ дәл осы иппонды күткен емеспін".

Сөйтіп, бүгін жарысты бастаған татами иелері алдын-ала кезеңнен шыға алмады. Әлем чемпионатының ерлер арасында 90 келі салмақта, әйелдер арасында 70 келі және 78 келі салмақтағы кездесулер жалғасуда.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар