Гран-при. 60 кг. Жемісті нәтиже!
Алматыда дзюдодан әлемдік Гран-при өз мәресіне жетті.
Шын мәнісінде 60 келі салмақ дәрежесіндегі (ерлер) шешуші жекпе – жек жемісті нәтижелерге толы болды. Жеңіс тұғырына төрт бірдей қазақстандық дзюдошылар жайғасты, олар: Елдос Сметов – алтын, Айбек Имашев– күміс,Асхат Тельмановпен Рустам Ибраев– қола.
Финалдық тартыста Сметов (жартылай финалда бразильдік Диего Сантосты қапыда қалдырды) пен Имашев(құрамадағы серіктесі Тельмановтан басым түсті) кездессе, ал «жұбату» белдесуінде қола үшін тартысқа мүмкіндік алған Ибраев алғашқыда моңғол балуаны Херлен Ганбольдың жауырынын жерге оңай тигізіп, кейінгі жекпе – жегінде Сметовтың «құрбаны» болған Диего Сантосқа ешқандай да мүмкіндік бермеді.
Имашевтан жеңіліс тапқан Тельманов автоматты түрде кіші финалға еніп, шешуші тартысында қарсыласын қапыда қалдырды. Бұл жолғы қарсыласы ресейлік Арам Григорянмен(суретте) өтті.
Және, соңғысы, суперфиналдық жекпе – жекте Бразилиядағы әлем чемпионатында өнерімен жұрттың назарына іліккен тәжірибеліСметов болса, алтыннан сенсациялық түрдегі үміткері Имашевтің мүмкіндіктерін нөлге «ұлғайтты».
0 пікірлер