Дзюдодан Әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстанның әйелдер құрамасының сапы анықталды.
2013 жылдың 8 тамызында дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Жаке Саламатов Бразилия өтетін әлемдік біріншіліктееліміздің намысын қорғайтын дзюдошы қыздарымыздың тізімін ресми түрде жариялады.
Әйелдер құрамасының сапы әжептәуір тәжірибелі. Екі бірдей Лондон Олимпиадасының қатысушылары Гульжан Исанова мен Александра Подрядова Бразилия бозкілемінде өнер көрсететін болды.
Рио-де-Жанейрода 48 келі салмақ дәрежесінде Айгуль Бакулева мен Александра Подрядова, ал 52 келіге дейінгі салмақта Ленария Мингазова, 70 келіде Динара Кударова, 78 кг Анар Сейтимова мен 78 келіден жоғары салмақ санатында Гульжан Исановалар тартысқа түсетін болып шешілді.
Әлемдік біріншілікке дайындық ретінде дзюдодан әйелдер құрамасы Талдықорған мен Алматы қалаларында тыңғылықты дайындалатын болады. Бас жаттықтырушы дзюдошылардың дайындықтарын спортшылардың физикалық бітімі орта деңгейден төмен болған кезде, өткен желтоқсанда бастап кеткенін айтады. Таяп қалған Әлем чемпионат алдында қазақстандық құрама Әлем кубоктарының кезеңдеріне қатысқан емес. Сондықтан да қыздардың формасын қалыптастыру мақсатында қара терге малынып, тоқтаусыз жаттыққанды қолдайды. Жалпы жарты жыл ішінде қазақстандық дзюдошылар Чехиядағы турнирге қатысып, Азия чемпионатынан жалпыкомандалық есепте үшінші орынды қанжығалап қайтқан.
Жаттықтырушының айтуынша, дайындалған алты ай дзюдошыларымыздың Бразилия аренасында жүлделі орындардан көрінуіне жетпегенімен, алғашқы бестікке еніп жатса, оның өзі жақсы көрсеткіш деп санайды. Жаке Саламатов айтып өткендей, жылдың соңына дейін қыздардың толықтай қалыптасуына мүмкіндіктері бар, ал келесі жылы әлемдік деңгейде бақтарын сынайтын болады.
Дзюдодан Әлем чемпионаты 26 - 31 тамыз аралығында Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейрода өтеді.
0 пікірлер