Гран-при. Подрядова - финалда!

14:23 | 28 қыркүйек 2013

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдодан Әлемдік Гран-придің алғашқы жарыс күнгі белдесулер жалғасын табуда. Назарларыңызға әйел балуандарымыздың ағымдағы нәтижелерін ұсынамыз.

48 кг.Александра Подрядова финалға өтіп, ресейлік Кристина Румынцевамен (бірінші кіші финалда израильдік Шира Ришонимен қола үшін тартысқа түсетінАйгүл Байқұлеваны жартылай финалда жолын кесті) кездеседі.

52 кг. Бұл салмақ санатында отандық дзюдошылар тек «жұбату» белдесулеріне дейін жете алды. Екі балуан бұған дейін кездескен. Бірінші кіші финалдың қорытындысы бойынша Әсел Қайсаровадан басым түскен Олеся Куценко кіші финалға жолдама алды. Қола үшін болған шешуші тартыста Куценкобразилиялық Ракель Сильваға қарсы тұрады.

57 кг.Қола үшін болатын екі кіші финалғаСевара Нишанбаева(қарсыласы – қырғыз Гульжаз Саимова) мен Назгүл Кубашевалар(қарсыласы – украиналық Шушана Хевондян) өтті. Бұл айналымға өту үшін екі балуан қыз өздерінің отандастары –Анна Старченкомен Анна Казюлинненбасым түскен болатын.

63 кг.Мариан Ордабаеважартылай финалдық жекпе-жекте бразильдік Мариана Сильваға есе жіберді, ендігі болатын «қола» күресте Жібек Атаевадан басым түскен жерлесіАнара Жұмабаевамен тартысқа түседі.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар