Әлем чемпионатының төртінші күнгі қорытындысы
Әлем чемпионатының төртінші күнінде жеңімпазды анықтау және қола медаль үшін өткен кездесу аса тартысты өтті.
Дзюдо тарихында Словения елінен алғашқы әлем чемпионы шықты. Ол – Тина Трстеняк. Өткен жылғы әлем чемпионатында Тина қола жүлдегер атанған еді. Биыл ол өзін дәлелдеп, чемпиондық үшін өткізген кездесуде екі дүркін әлем чемпионы, франциялық Кларисс Агбегненуден басым түсті. Чемпионат алдында 63 келіге дейін салмақта чемпиондықтан ең басты үміткер ретінде Франция дзюдошысының есімі аталған еді.
Бұл салмақта қола жүлдеге моңғолиялық Тсендевсурен Мунхзая мен жапониялық Мику Таширо тұрақтады.
81 келіде Жапония құрамасының мерейі үстем болды. Таканори Тагаси өзінің еншісінде Үлкен дулыға турнирі медалінің қасына әлем чемпионатының алтынын қосты. Финалда әлем чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері, франциялық Луи Петриден басым түсті.
Қола жүлдегерлер канадалық Валуа-Фортье мен Панамерика ойындарының чемпионы, Бразилия дзюдошысы Виктор Пеналбер атанды.
Ертең әлем чемпионатының бесінші күнінде ерлер 90, әйелдер 70 және 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша күреседі.
Қазақстан құрамасынан 90 келіде Ислам Бозбаев пен 70 келіде Ділбар Өмірәлиева мен Жанар Қашқын және 78 келіде Альбина Амангелдиева сынға түседі.
0 пікірлер